- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда өткір ішек инфекцияларының профилактикасы бойынша онкүндік басталды
Қазақстанда өткір ішек инфекцияларының профилактикасы бойынша онкүндік басталды
Аталған онкүндіктің мақсаты – өткір ішек инфекциясының таралу жолдары, инфекция жұғуының алдын алу жөніндегі шаралар, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау, балалар мен жасөспірімдерді жеке гигиенаны сақтауға дағдыландыру, азаматтардың денсаулық сақтау және нығайтуда жауапкершілігін арттыру жөнінде халықтың хабардарлығын арттыру.
Онкүндік аясында медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында (әрі қарай - МСАК) өткір ішек инфекцияларының алдын алу жөнінде гастроэнтерологтардың, инфекционистердің, педиатрлардың, жалпы практика дәрігерлерінің және т.б. мамандардың кеңес беретін ашық есік күндері ұйымдастырылады. Сонымен қатар, МСАК мамандарының арасында өткір ішек инфекцияларының алғашқы белгілері мен оған көрсетілетін медициналық көмек туралы гастроэнтерологтың қатысуымен семинар-тренингтер; мектеп жанындағы, жазғы сауықтыру лагерьлерінде, балалар үйлерінде, мектепке дейінгі ұйымдарда «Өткір ішек инфекциясынан қорғанамыз!», «Жеке гигиена өткір ішек инфекциясынан қорғану құралы!» тақырыбындағы ойындар, «Таза қолдар» флеш-мобтары және т.б. шаралар өткізіледі.
Өткір ішек инфекциялары – асқазан-ішек жолдарын улап, зақым келтіретін, іш өту және улану белгілері байқалатын аурулар тобы. Ауруды бактериялар, вирустар мен қарапайым микроорганизмдер қоздыруы мүмкін.
Антисанитариялық жағдайлар, жеке гигиена ережелерін сақтамау, дұрыс сақталмаған немесе даярланбаған зарарлы азық-түлікті тұтыну ішек инфекцияларының жұғуына әсер етеді.
Адамдар өткір ішек инфекцияларына тез шалдығады, әсіресе, сәбилер.
ҚР ДСӘДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының қауіпсіз тамақтанудың маңызды 5 қағидасын ұсынады: тазалықты сақтау; шикі азық-түлікті жылумен өңделетін азық-түліктен бөлек ұстау; оларды жылумен мұқият өңдеу; азық-түлікті қауіпсіз температурада сақтау; қауіпсіз су мен қауіпсіз шикі өнімдерді қолдану.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар