• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысында кәсіпкерлік процедураларды дамыту ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойылды

Жамбыл облысында кәсіпкерлік процедураларды дамыту ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойылды

6 Маусым, 2016 20:27
Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев дауларды сотқа дейін реттеуді енгізу мен жан-жақты кәсіпкерлік процедураларды дамыту ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қою рәсіміне қатысты.

Меморандаумға қол қою рәсіміне облыстық сот төрағасы Р.Алшынбаев, Облыстық Қоғамдық Кеңес төрағасы Ж.Кәрібайұлы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ш.Тлеумұрат, Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.Қожаева, облыстық адвокаттар алқасының төрағасы А.Раисова, «Бітімгер» құқық және медиациа орталығының директоры л.Сафонова және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры К.Аралбаева қатысты.

«Медиатор қиын жағдайларда көмек көрсететін кәсіби дәнекер. Медиаторлар отбасылық және еңбек дауларына, мұрагерлік мүлік, кебіреулері қылмыстық істердің шешілуіне де атсалысады. Олардың негізгі міндеті екі жақ арасындағы жанжалды тиімді шешу»,-деді облыс әкімі.

Комиссия мүшелері сөз сөйлеп болған соң дауларды сотқа дейін реттеуді енгізу мен жан-жақты кәсіпкерлік процедураларды дамыту ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қою рәсімі болды. 

Барлық жаңалықтар