- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Қытай парламентарилері екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады
Қазақстан мен Қытай парламентарилері екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады
Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының Қаржы және экономика комитеті төрағасының орынбасары Цюньли Сюн мырзамен кездесті. Мәжілістің комитет төрағасы мейманды Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының 12 шақырылымдағы 4-ші сессиясының табысты өтуімен және Қытай Коммунистік партиясының 95 жылдығымен құттықтады. Ширек ғасырдан бергі екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастың қарқынды өркендеп келе жатқанына, Қытай Қазақстанның стратегиялық серіктесі екендігіне тоқталды. G20 Саммитіне (Ханчжоу қ, 4-6 қыркүйек) Қазақстан Президенті Н.Назарбаевты арнайы шақырып отырғаны соның нақты бір дәлелі деп атап өтті. Одан кейін екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастық байланыстардың маңызы жайында, заң шығару мен кеңестік органдар арасындағы байланыстар жөнінде кеңінен айтып берді. Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының Қаржы және экономика комитеті төрағасының орынбасары «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық саясат мен «Жібек жолы экономикалық белдеуінің» тоғысуы жолындағы логистикалық, сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстарды сөз етті. Екі ел парламенті депутаттарының экономикалық мәселелер бойынша көзқарастарын біліп, пікір алмасу жайына тоқталды. Кездесуге Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, екі ел парламенттері арасындағы ынтымақтастық бойынша топ жетекшісі Қуаныш Сұлтанов қатысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды