• Басты
  • Жаңалықтар
  • Универсиада – 2017 спорттық нысандарында осы жылдың күзінде тесттік жарыстар өтеді

Универсиада – 2017 спорттық нысандарында осы жылдың күзінде тесттік жарыстар өтеді

6 Маусым, 2016 19:14
Алматыдағы Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиада спорттық нысандарында күзде тесттік жарыстар өтеді, деп хабарлады «Алматы қаласының халықаралық спорттық жобалар дирекциясы» баспасөз қызметі.

«Бүгінгі таңда  әкімшілік, бассейін, Мұз сарайының шағын аренасы мен Мұз аренасының 12 мың және 3 мың орындық ғимараттарының құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Атлетикалық ауылдағы 5 мың орындық құрылыс жұмыстары 70%-ға орындалды»,-деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ведомство ақпараты бойынша, жарыс алдында барлық спорттық нысандар халықаралық серитфикаттаудан өтеді. Өйткені олар әлемдік деңгейдегі сайысты қабылдайды.

«Бүгінгі таңда «Сұңқар» шаңғы трамплиндері Халықаралық кешені сертификаттаудан өтті. Универсиада – 2017-ге дайындық аясында барлық спорт нысандарында 2016-шы жылдың күзінен бастап тесттік жарыстар өте бастайды»,-деп түсіндірді «Алматы қаласының халықаралық спорттық жобалар дирекциясы».

Анара Таныркулова

Барлық жаңалықтар