• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Сағадиев: 30 мектеп пен 16 балабақшаның құрылысына 23 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған

Е.Сағадиев: 30 мектеп пен 16 балабақшаның құрылысына 23 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған

6 Маусым, 2016 17:08
30 мектеп пен 16 балабақшаның құрылысына 23 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған, деп ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкіметтің отырысында мәлім етті.

Е.Сағадиевтың айтуынша, 2015 жылы 51 нысанның құрылысы басталған, олардың ішінде 34 мектеп және 17 балабақша.

«Қазіргі күні кестеден бұрын 4 мектеп пен 1 балабақша іске қосылды. Қалған 46 нысан осы жылдың соңына дейін пайдаланылуға беріледі. 30 мектеп пен 16 балабақшаның құрылысына 23 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылған»,-деді министр.

Министрдің айтуынша, 20 нысаның құрылысы бойынша байқау енді жарияланды: Алматы облысы – 8 нысан, ОҚО-8, ШҚО-2 Ақтөбе және Маңғыстау облысы-бір нысанна.

«Осыған орай, аталмыш облыстардың әкімдігі байқау процедураларын аяқтап, құрылысқа кіруі керек. Көбінесе Алматы облысының әкімдігіне көңіл бөлу керек»,-деді министр.

Министр өз сөзінде 1 маусым жағдайы бойынша жергілікті атқарушы органдармен 14 млрд теңге аударылған, олардың 94 пайызы игерілді.

Барлық жаңалықтар