• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Жаңбыршин: Тексеру қорытындысы бойынша 2015-ші жылы инвестбағдарламалардың жүзеге асырылуында тиімділіктің төмендігі белгілі болды

Қ.Жаңбыршин: Тексеру қорытындысы бойынша 2015-ші жылы инвестбағдарламалардың жүзеге асырылуында тиімділіктің төмендігі белгілі болды

6 Маусым, 2016 17:04
Кешенді тексеру қорытындысы бойынша Қазақстанда 2015 жылы инвестициялық бағдарламалардың тиімділігінің төмендігі және жүйедегі мәселелер белгілі болды. Жалпы 502 млрд. теңгеден астам соманың заң бұзушылығына жол берілген, деп хабарлады Есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин ҚР Парламент Мәжілісіндегі қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында.

«Кешенді тексеру қорытындысы бойынша Қазақстанда 2015 жылы инвестициялық бағдарламалардың тиімділігінің төмендігі және жүйедегі мәселелер белгілі болды. Өкінішке қарай, республикалық инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыратын кезде жылдан жылға мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар сол бір қателіктерге жол беріп келеді. Жалпы 502 млрд. теңгеден астам соманың заң бұзушылығына жол берілген»,-деп мәлімдеді ол.

Есеп комитеті төрағасының атап өтуінше, бірқатар инвестициялық жобалар техникалық құжаттамасының бекітілуінсіз жүзеге асырылады. Содан барып, жобалық шешімге жүзеге асыру барысында өзгерістер енгізеді, конкурстық процедуралар шегеріледі. Нәтижесінде нысан құрылысын аяқтау мерзімі өзгеріп кетеді.

«Өкінішке қарай, олардың кемшіліктері жыл сайын қайталана береді. Тағы да инвестициялық жобалардың құжаттары бюджеттік тапсырысты жоспарлап, қалыптастыруда сапасыз деңгейде, қалай болса, солай дайындалады. 2015-ші жылы 153 республикалық инвестициялық жобаның 96-н аяқтау керек болса, олардың 81-ң ғана жұмысы біткен. 2015-ші жылы облыстарда 970 инвестжобаның 576-н аяқтау жоспарланған болса, оның 527-і ғана орындалған»,-деді Қ.Жаңбыршин.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар