• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә.Исекешев Қазақстанда автожолдарды жөндеу жұмысына қаражаттың жеткіліксіздігін айтты

Ә.Исекешев Қазақстанда автожолдарды жөндеу жұмысына қаражаттың жеткіліксіздігін айтты

6 Маусым, 2016 16:51
Республикалық маңызы бар автожолдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету үшiн қаражаттың жеткіліксіздігі туралы Үімет отырысында «ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Автожолдық жобаларды іске асыру барысында оның сапасына, қауіпсіздігіне, автожол пайдаланушыларға қолдау қызметтеріне көңіл бөлінеді. Көбінесе, республикалық жолдарда бес қадам сапасына бақылу жұмыстары жасалды»,-дед Ә.Исекешев.

Сонымен қатар, ведомство басшысы республикалық маңызы бар автожолдардың жөндеу жұмысына 41 млрд теңге бөлінгендегін айтып өтті, алайда стандартқа сәйкес 100 млрдтен астам қаржы болу керек.

«Қаржының жетіспеуі қызмет мерзімін 30 пайызға қысқартады. Сол себепті өзіміздің лимит ішінде жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу мен оған техникалық қызмет көрсетуге көбірек қаржы жұмсауды қарастырудамыз-осындай ұсынысты қаржы министрлігіне жасадық »,-деді минитср.

Сонымен қатар, Ә.Исекешев бүгінгі күні жол бойындағы қызмет көрсету стандарттарының бекітілгендігін айтып өтті.

«50 шақырымнан кейін үшінші категориялы нысандар орналасу керек, әрбір 200 шықырымнан кейін – екіншісі, және кейбір туристік жерлерде – бірінші категориялық. 2014-2015 жылдары 28 нысан енгізілді, біз шамамен 200-ден астамын құруымыз керек, сол себепті облыс әкімдері жол бойындағы қызмет көрсету, нысандарды салу сапасын қамтамасыз етуге көңіл бөлуі тіс»,-деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар