• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда 2015 жылы 459 млрд теңгеден астам қаржы тиімсіз пайдаланылған – Есептік комитет

Қазақстанда 2015 жылы 459 млрд теңгеден астам қаржы тиімсіз пайдаланылған – Есептік комитет

6 Маусым, 2016 16:43
Есептік комитеттің игерілмеген соманы ескеруіне орай, 2015 жылы 459 млрд теңгеден астам қаржы тиімсіз пайдаланылған, деп Есептік комитеттің төрағасы Қозы-Көрпеш Джанбурчин ҚР Мәжіліс Парламентінің қаржы және бюджет бойынша, Үкіметтің және есептік комитеттің 2015 жылғы республикалық бюджетті қолдануы туралы есепті қарау бойынша Камитет Палатасының отырысында мәлім етті.

Есептік комитет төрағасының айтуынша, 2015 жылы мемлекеттік борыш бойынша лимит 465.7 млрд теңгеден асқандығы анықталды.

«Есептік  комитеттің игерілмеген соманы ескеруіне орай,  2015 жылы 459 млрд теңгеден астам қаржы тиімсіз пайдаланылған. Бізде қаржы министрлігінің сандарымен айырмашылық бар, алайда біз бюджет қаражатын тиімді пайдалану сомасын есептеу үшін ортақ көзқарас қолданатын боламыз»,-деді ол.

Айта кетейік, әлі күнге дейін мемлекеттік бағдарламалардың жеткілікті сапалы жасалмауы  өзекті мәселе болып қалуда.

«Облыс әкімдерінің, Астана мен Алматы қалаларының мақсатты транферттерді орындамаулары 7 млрд теңгені құрады»,-деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар