• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенатта ҚР мен Сауд Арабия арасындағы екі есе салық салуды болдырмау туралы Конвенцияны ратфикациялауды қарады

Сенатта ҚР мен Сауд Арабия арасындағы екі есе салық салуды болдырмау туралы Конвенцияны ратфикациялауды қарады

6 Маусым, 2016 17:36
ҚР Парламенті Сенатының қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы екі есе салық салуды болдырмау туралы Конвенцияны ратификациялау» жөніндегі заң жобасы қаралды.

Сенаттан хабарлағандай, конвенция 2011-ші жылдың 7-ші маусымы күні Астанада қол қойылған болатын. Ол инвестиция үшін қолайлы жағдай туғызу жолымен екіжақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға бағытталған.

Қазақстан мен Сауд Арабиясының Конвенциясына сәйкес, салық төлеушіге екі елдінің біреуіне ғана, яғни салықты бір рет қана төлеуге мүмкіндік береді.

Құжат палатаның қарауына жіберілді.

Барлық жаңалықтар