- Басты
- Жаңалықтар
- 16 түлек 125 балл жинады – ҚР БҒМ
16 түлек 125 балл жинады – ҚР БҒМ
Тестілеу төртінші күні 47 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді.
Тестілеудің төрт күнінде мүмкін болған 125 балды 16 бітіруші жинады, деп ҚР білім және ғылым министрлігінде хабарлайды.
Тестілеудің төрт күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 37 бітіруші тестілеуден шығарылды.
2016 жылы 5 маусымда Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына жалпы 105 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 28 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы қолданған тест тапсырмаларының 0,55 %-ын құрайды.
«Сонымен қатар, тестілеудің үш күнінде (3, 4, 5 маусым аралығы) Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 384 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 88 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы тестілеудің үш күнінде қолданған тест тапсырмаларының 0,2 %-ын құрайды»,-деп хабарламада айтылған.
Сонымен қатар, өту деңгейінен өте алмаған бітірушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуге құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-і мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Жыл басынан бері 816 мыңнан астам адам АӘК алды -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған»