• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-ның Ұлан ауданы Тайынты ауылында 24 Мвт-тік қуаттылығы бар жел электр станциясын құрады

ШҚО-ның Ұлан ауданы Тайынты ауылында 24 Мвт-тік қуаттылығы бар жел электр станциясын құрады

6 Маусым, 2016 18:24
Өткен жылдың 4 айы ішінде Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында 1 714 шаршы метр тұрғын үй енгізілді, жаңа сүтті-тауарлы 2 ферма жұмыс істеді, ұтқырлық жәрдемақыны білім және денсаулық сақтау саласындағы 20 маман алды. Бұл туралы Ұлан ауданының әкімі Дәулет Батырбаев ағымдағы жылдың 4 айы ішіндегі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша есебінде мәлім етті.

Оның айтуы бойынша, «Шығыс-асфальт» ЖШС есебінен тау-кен өнеркәсібінің үлесін арттыру маңызды бағыттын бірі болып табылады.

Ауданның дамуы сонымен қатар, жаңа нысандардың пайдалануға берілуімен де бағаланады. Бүгінгі күні екі үйдің құрылысы аяқталды. 320 орынды Таврическое ауылындағы мектептің құрылысы аяқталу үстінде. «2020 жылға дейін аймақты дамыту» бағдарламасы аясында мамыр Қасым Қайсенов ауылында  айында 40 пәтері бар екі үйдің құрылысы басталды.  «Байтерек Девелопмент» АҚ арқылы тағы да 40 пәтері бар екі үйдің құрылысы жоспарлануда.

ШҚО ақпарат орталығы хабарлағандай, Ұлт жоспарының 60-шы қадамын іске асыру аясында жеке инвестициялар есебінен сутті-тауарлы ферма құрылуда.

Айта кетейік, жыл басынан бастап, 11,8 мың тонна ет өндірілді, сүт – 13,1 мың тонна, жұмыртқа-7 млн дана.

«Spain Consalting» ЖШС шетелдік инвесторлар есебінен HUBEI HONGYUAN POWER ENGINEERING герман компаниясымен бірге осы жылы тайынты ауылында 24 Мвт-тік қуаттылығы бар жел электр станциясын құру жоспарланған.

Ауданда «Дипломмен-ауылға!» баағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама аясында 2015 жылы ұтқырлықлық жәрдемақыны білім және денсаулық сақтау саласындағы 20 маман алды. 2016 жылы білім, денсаулық сақтау және мәдениет саласындағы 10 маманға ұтқырлық жәрдемақысы берілді.

 

Барлық жаңалықтар