2016 жылы Қазақстанда 33 мектептің құрылысы аяқталады

6 Маусым, 2016 15:37
2016 жылы Қазақстанда 33 мектептің құрылысы аяқталады, деп ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада болып жатқан Үкіметтің отырысында мәлім етті.

«Білімнің инфрақұрылымын дамыту аясында жергілікті атқарушы органдармен 14 млрд теңге қаржыландыру жоспарына 13,1 млрд теңгесі игерілді. Маңғыстай, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласында меңгерудің төмендігі байқалады. Барлығы 2016 жылы Қазақстанда 33 мектептің құрылысы аяқталады, ал олардың құрылыс жұмысы 2015 жылы басталған»,-деді Қ.Бишімбаев.

Айта кетейік, осы жылы Қазақстанда 42 жаңа мектептің құрылысы басталған, оның аяқталу мерзімі 2017 жыл.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар