- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО лагерьлерінде 54 мыңнан астам оқушы сауықтырылмақ
ОҚО лагерьлерінде 54 мыңнан астам оқушы сауықтырылмақ
Аймақ әкімдігінде хабарлағандай, маусымның 1-нен лагерьлерге оқушыларды қабылдау жұмыстары осы айдың 15-ші жұлдызына дейін жалғаспақ. Облыстағы 1-10 сынып оқушыларының жалпы саны - 552753. Олардың ішінде, жалпы 489520 бала жазғы демалыстың барлық түрлерімен қамтылады деп жоспарлануда. Бұл 88,5%-ды құрамақ.
Сондай-ақ, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына, олардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 10 мыңға жуық балаға тегін жолдама беру көзделген.
Сонымен қатар, мектеп жанындағы 501 сауықтыру лагерінде 53275 бала бір мезгілгі ыстық тамақпен қамтыла отырып сауықтырылса, 560 лагерде 73231 бала түске дейін сауықтырылады деп жоспарлануда.
Осылайша, қала сыртындағы сауықтыру лагерлеріне балаларды қамту 2015 жылы 8,5%-ды құраса, биыл 10%-ды құрайды деп жоспарлануда. Ал жазғы демалыстың барлық түрлерімен балаларды қамту өткен жылы 87,6%-ды құраса, биыл 88,5% болады деп күтілуде.
Жалпы, жаз бойы балаларды экскурсия, саяхатқа апару жұмысы жалғасын тауып, оқушылар Машат, Біркөлік, Ақмешіт, Сайрамсу, Қасқасу, Өгем, Қаржантау, Қазығұрт, Боралдай таулы аймақтары мен Ақсу-Жабағылы қорығына және Түркістан, Отырар, Сайрам, Қазығұрт, Бәйдібек тарихи көне орындарына саяхатқа шығатын болады. Мұнан бөлек, осы мезгілде қызығушылығы бойынша клубтарда балалар үшін түрлі үйірме жұмыстары, көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Балаларды серуенге шығару, аула клубтары арасында спорттық ойындарға қатыстыру арқылы, олардың уақыттарын ұтымды өткізу жоспарлануда.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты