- Басты
- Жаңалықтар
- Ә. Жақсыбеков: Халықпен жедел кері байланыс орнату керек
Ә. Жақсыбеков: Халықпен жедел кері байланыс орнату керек
6 Маусым, 2016 15:19
Қала әкімдігінің сайтындағы «Халықтық бақылау» және «Виртуалды қабылдау бөлмесі» айдарлары әкімдік пен халық арасындағы кері байланыстың тиімді құралдарының бірі болып табылады. Аталған айдарларға жолданған өтініштер аудандық әкімдіктердің, қалалық басқармалар мен елордалық департаменттердің қарауына ұсынылады. Жыл басынан бері сайтқа 3,5 мыңнан астам адамнан өтініш келіп түскен, оның басым бөлігі ТКШ қызметі, аулаішілік аумақтарды абаттандыру, көлік қою ережелерін бұзу және жолаушылар тасымалдау мәселелеріне қатысты.
Айта кетейік, үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап Бірыңғай байланыс орталығы «109» қызметіне 122 мыңнан астам өтініш жолданған, олардың айтарлықтай бөлігі тұрғын үй-тұрмыстық мәселелерге қатысты болған.
Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков елорда әкімдігінде өткен аппарат отырысында өтініштерді қарау мерзіміне және берілген жауаптардың сапасына баса назар аударды.
«Көтерілген мәселелердің барлығын мүміндігінше тез шешу керек. Тұрғындар өз мәселелерінің шешілетініне сенімді болуы керек. Егер объективті себептермен біз ол мәселені шеше алмайтын болсақ, онда тұрғынға жағдайды түсіндіріп, уақытылы жауап қайтару керек», - деді елорда әкімі.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды