2016-шы жылы жеке сот орындаушылар орындаған өндіріс көлемі 2 есеге өскен

6 Маусым, 2016 12:34
2016-шы жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жеке сот орындаушылар орындаған өндіріс көлемі 2 есеге өскен, деп хабарлады Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров ҚР Парламенті Мәжілісіндегі жеке сот орындаушылардың қызметі туралы тақырыбында өткен үкімет сағатында. Анара Таныркулова

«Бүгінгі таңда жеке сот орындаушылар институты жаплпы жоғары нәтиже беріп отыр. Соңғы жылдары жеке сот орындаушылар саны артты. Әсіресе, «Сот орындаушылардың мәртебесі және өндірісті орындаушылық туралы» Заңға түзетулер енгізілгізу қабылданғаннан кейін жеке сот орындаушылардың қатары артты. Олар қазір 1200, тағы 264 адам дайындалып жатыр. Олар тағлымдамадан өткеннен кейін жеке сот орындаушы лицензиясын алатын болады»,-деді Н.Әбдіров.

Депутаттың атап өтуінше, 2016-шы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жеке сот орындаушылар институты әлеуметтік маңызы бар санаттағы істерді, алимент өндіру, еңбекақы қарызы және тағы басқа да мәселелермен көбірек айналысатын болды. 2016-шы жылдың алғашқы 5 айында 80%-дан астам өндірістік атқаруды жеке сот орындаушылары көтерген.

«Бүгінгі таңда олардың «портфелі» 1 миллионнан астам істі қамтиды. Егер өткен жылдың бірінші тоқсанында 45 мың өндіріс атқарылса, осы жылдың салыстырмалы кезеңінде ол көрсеткіш екі есеге артып, 106 мыңға жеткен»,-деген ақпаратымен бөлісті депутат.

Анара Таныркулова

Барлық жаңалықтар