• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016-шы жылдың 3 айында жеке сот орындаушылар мемлекеттік орындаушылардан 4 млрд. теңгеге артық өндірді

2016-шы жылдың 3 айында жеке сот орындаушылар мемлекеттік орындаушылардан 4 млрд. теңгеге артық өндірді

6 Маусым, 2016 11:54
2016-шы жылдың 3 айында жеке сот орындаушылар мемлекеттік сот орындаушылардан 4 млрд. теңге артық өндірді, деп хабарлады әділет министрі Берік Имашев ҚР Парламенті Мәжілісіндегі жеке сот орындаушылардың қызметі туралы өткен үкімет сағатында.

«Осы жылдың 1-ші тоқсанында жеке сот орындаушылар орындаунда 924 мың өндіріс болды. Олар мемлекеттік сот орындаушылардан 300 мыңға жуық  істі артық орындады»,-деді Б.Имашев.

Министр олардың бұл жұмыс көрсеткіштер құжаттарды тиімді орындайтындарын көрсетеді, деп атап өтті.

«Осы жылдың 3 айында олар 4 млрд. теңгені мемлекеттік сот орындаушылардан артық өндірді. Мемлекеттік сот орындаушылар 15,9 млрд. теңге өндірді. Ал, жеке сот орындаушылар 19,3 млрд. теңге өндірді. МСО 27 мың айыппұлды орындаса, ЖСО 74 мыңды орындаған. Яғни, үш есе артық орындаған»,-деді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 27-ші қадамының аясында жеке сот орындаушылардың қызметін дамыту және кезең-кезеңімен мемлекеттік қызмет сот орындаушыларын қысқарту қарастырылған.

Анара Таныркулова

Барлық жаңалықтар