Қазақстанда бір жеке сот орындаушыға 20 мың тұрғыннан келеді

6 Маусым, 2016 11:42
Қазақстанда орташа алғанда бір жеке сот орындаушыға 20 мың тұрғын келеді және ол еуропалық стандарттарға сәйкес келеді, деп ҚР әділет министрі Берік Имашев ҚР Мәжіліс Парламентінде жеке сот орындаушының қызметі туралы үкіметтік сағатта мәлім етті.

«Бүгінгі күні министрлік республикалық палатамен бірге жеке сот атқарушылардың санын ұлғайту және олардың қызметімен облыстың барлық аудандарын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Қазір жеке сот орындаушыларының саны 1200 болды, ол 2015 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 2 есеге көп, жеке атқарушылық саласында көмек ретінде 4 мың адам жұмыс атқарды»,-деді министр.

Ведомство басшысының айтуы бойынша, орташа есеппен алғанда бір жеке сот орындаушының басына республиканың 20 мың тұрғыны кіреді.

«Осылайша, тек Алматыда 173 тіркелді, Астанада-138, ОҚО-да-120, Қарағанды облысында – 116. Басқа да облыстар олардың санын ұлғайтуда. Алайда, осы жерде айтып өткім келеді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында айырмашылықтар, жеке сот атқарушылардың саны барлық жерде бірдей емес. Мысалы, Батыс және солтүстік облыстарында жеке сот атқарушылардың саны нормаға жетпейді және кейбір аудандары осы қызметпен қамтылмаған.  Осындай жағдай біздің нотариустармен байқыланады. Алдағы уақытта жеке сот атқарушылармен ешбір мәселе болмайды деп сенеміз»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 27-ші қадамыс аясында жеке сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту қарастырылған және сот орындаушылардың мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар