- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада алғаш рет әскери оркестрлердің «Бейбітшілік кернейі» атты ғаламат фестивалі басталады
Астанада алғаш рет әскери оркестрлердің «Бейбітшілік кернейі» атты ғаламат фестивалі басталады
ШЫҰ қатысушы елдері әскери музыканттарының ғаламат байқауына Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы әскери оркестрлерінің жеке құрамы қатысады.
«Бейбітшілік кернейі» фестивалі шеңберінде елордалықтар мен қала қонақтары ШЫҰ мүше мемлекеттерінің музыкалық мәдениетімен танысып, өзге елдердің ұлттық мәдениетіне, әлемдік музыка мәдениетіне араласа алады.
Ертең, 7 маусым күні ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының концерт залында бэнд-марафон басталады. Оркестрлер музыкалық бағдарлама ұсынады. Атап айтқанда, Қытайдың Ұлт-азаттық армиясының әскери оркестрі, Қырғыз Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Орталық Армия үйінің әскери-көрсетпелі оркестрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының үлгілі-көрсетпелі оркестрі, ҚР ҚК ҰӘПО орталық әскери оркестрі, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің орталық әскери оркестрі және Тәжікстан Республикасы Қорғаныс министрлігі коменданттық полкінің әскери-үрмелі оркестрі.
Сағат 20.00-де елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда плац-концерті бар концерттік бағдарлама басталады.
Фестиваль 8 маусымда «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының алдында ғаламат плац-концертпен аяқталады. ШЫҮ мүше мемлекеттері әскери оркестрлерінің музыкалық аспаптағы жанды дауыстағы орындауларын барлық қала тұрғындары мен қонақтары тыңдай алады. ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының орталық әскери оркестрінің музыканттары қазақтың ұлттық әуендеріне аса мән беріп, сазгерлеріміздің танымал музыкалық шығармалары мен қазақтың халық әндерінен попурри ұсынғанын естеріңізге сала кетейік.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба