Алматыда автотұрақ орнына әмбебап спорттық саябақ салынды

6 Маусым, 2016 10:29
Алматыда автотұрақ орнына әмбебап спорттық саябақ салынды, деп қала әкімдігінде хабарлайды.

Алматы қаласының әкімі Бауырдан Байбек алматылық инвесторлардың жеке қаражаттарына салынған спорттық саябақтың ашылу салтанатына қатысты.

Жаңа кешен «MEGA Park» сауда ойын-сауық орталығында орналасқан. Жобанының таныстырылуы апта сайын болатын веложарыстан кейін болды және ол «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында іске асырылды.

«Жастардың спорттық саябағын ашу – қала үшін үлкен шара. Бұл жерде бұрындары автотұрақ болды, ал бүгін сіздер үлкен спорттық кешенді көріп отырсыздар. Мен, біздің қаламыз әрдайым осылай құлпырып тұрғанын тілеймін»,-деді әкім.

Шара барысында әкім 15 мың шаршы метрлік көпқызметті спорттық алаңды беруге сөз берді және ол жерлерде: скейтодром, жүгіру жолы, баскетбол үшін мультспорттық алаң, волейбол және теннис, жіп саябағы, футбол алаңы орналасқан.

Ағымдағы жылдың шілде айында спорттық алаңда француз каруселі мен 7 метрлік скалодрам орналасады. Саябақ аумағында мәдени және мерекелік шараларды өткізетін сахна бар.

Онымен қатар, аумақтың 3 мың шаршы метріне көгалдандыру жұмысын жүргізді, саябақта 450-ден астам ағаштар мен бұталар отырғызылды.

Спорттық саябақ аумағындағы көптеген алаңдар тегін жұмыс істейтін болады. Бірнеше күннен кейін 5 мыңға жуық адам саябақта демалып және спорт түрлерімен таныса алады.  

Барлық жаңалықтар