• Басты
  • ҰБТ-ның үш күндік қорытынды бойынша 11 түлек 125 балл алды – ҚР БҒМ

ҰБТ-ның үш күндік қорытынды бойынша 11 түлек 125 балл алды – ҚР БҒМ

6 Маусым, 2016 09:23
ҰБТ-ның үш күндік қорытынды бойынша 11 түлек 125 балл алды, деп ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлайды.

Бүгінгі күнге дейін ұлттық бірыңғай тестілеудің үш күні өткізілді. 2 және 4 маусым күндері өткізілген тестілеуге 58343 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 42186, орыс тілінде – 16157 бітіруші.  

Тестілеу үшінші күні 70 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді.

Тестілеудің үш күнінде мүмкін болған 125 балды 11 бітіруші жинады:

- Маткалиева Динара Маратқызы, «Ш.Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия» (Алматы қ.);

- Меирханова Аружан Ерланқызы, «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» (Алматы қ.);

- Оспанова Рамзия Рамазановна, «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» (Алматы қ.);

- Мухаметкали Еркежан Досенқызы, «№175 гимназия «Жаңа ғасыр» (Алматы қ.);

- Махамбетов Қалдыбек Ибрагимұлы, «№169 мектеп-лицей» (Алматы қ.);

- Беркинова Акнур Нурболовна, «Қаратөбе мектеп-гимназиясы» (Батыс Қазақстан облысы);

- Болат Кәмшат Болатқызы, «№17 Семей жалпы орта білім беру мектебі» (Семей қ.);

- Ержанов Нұрасыл Ержанұлы, «№72 мектеп-лицей» (Астана қ.);

- Исмаилова Дана Суюндыковна, «Қашыр ауданының Тереңкөл а. Х.Оспанов атындағы №3 ЖОББМ» (Павлодар обл.);

- Маратова Ақерке Маратқызы, «Абай атындағы орта жалпы білім беру мектебі» (Шығыс Қазақстан облысы);

- Усин Адиль Куатович, «Қызылқақ ЖОББМ» (Павлодар обл.).

Тестілеудің үш күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзғандары үшін 31 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде:

- ұялы байланыс телефондарын пайдалану – 13 бітіруші;

- емтихан материалдарын бүлдіру – 1 бітіруші;

- сұрақ кітапшаларды сыртқа шығару мақсатында оның ішіндегі ішкі беттерін ауыстыру – 17 бітіруші.

Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады.

Апелляцияға өтінішті беру барысында бітірушінің әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.

Тестілеудің екі күнінде Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 279 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 60 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы қолданған тест тапсырмаларының 0,5%-н құрайды. Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілінен, математика және Қазақстан тарихы пәндерінен болды.

 

Барлық жаңалықтар