• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Кариб мемлекеттері қоғамдастығы жанындағы бақылаушы ресми мәртебесін алды

Қазақстан Кариб мемлекеттері қоғамдастығы жанындағы бақылаушы ресми мәртебесін алды

6 Маусым, 2016 09:04
Қазақстан Кариб мемлекеттері қоғамдастығы (КМҚ) жанындағы бақылаушы ресми мәртебесін алды.

Бұл шешім Гаванада өткен КМҚ мүше елдері мемлекет және үкімет басшыларының 7-ші саммиті барысында қабылданды. Аталған іс-шарада қазақстандық делегацияға Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев басшылық етті, деп хабарлайды ҚР СІМ. 

Кариб мемлекеттері қоғамдастығы Латын Америкасы мен Кариб бассейні аймағындағы ең беделді ұйымдардың бірі болып табылады. Осы қосалқы өңірдік бірлестіктің құрамына өңірдің 25 тәуелсіз мемлекеттері енеді. Қазақстанмен бірге КМҚ жанындағы бақылаушылар қатарында Ұлыбритания, Италия, Испания, Нидерландтар Корольдігі, Канада, Оңтүстік Корея, Ресей, Беларусь және т.б. мемлекеттер бар.

Қазақстанның КМҚ-ға қосылу өтінімі осы аймақ елдерімен көптеген мәселелер бойынша, соның ішінде туризм, энергетика, денсаулық сақтау және т.б. өзара тиімді әріптестік дамытуға деген ұмтылысымен түсіндіріледі. Бұл бағыттың Қазақстан сыртқы саясатындағы өзектілігін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылы сәуірдегі Кубаға мемлекеттік сапары көрсетті.  

Барлық жаңалықтар