- Басты
- Жаңалықтар
- «KADEX» көрмесінде 45 млрд теңгеге ынтымақтастық туралы келісім жасалды
«KADEX» көрмесінде 45 млрд теңгеге ынтымақтастық туралы келісім жасалды
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың басшылығы, сондай-ақ еншілес ұйымдардың жетекшілері қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің өкілдері және шетел мемлекеттерінің жетекші қару-жарақ пен әскери өндірушілерімен 40-тан аса кездесу өткізді.
Сонымен, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-пен келіссөз жүргізу нәтижесінде «405-АЖЗ» АҚ және «Ресей тікұшақтары» АҚ ресейлік өндірістің тікұшақ техникасына сатылымнан кейінгі қызмет көрсетуді кеңейту мақсатында 2020 жылға дейінгі кезеңге бірлескен жобалардың Жол картасына қол қойды.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ пен ресейлік «Қорғаныс жүйелері» «Репеллент» шағын көлемді ұшқышсыз ұшу аппаратары және «Автобаза-М» жерүсті радиотехникалық барлау кешені бар радиоэлектрондық күрес кешендерін жеткізу аясында келісім жасасты.
«КАЕ» ЖШС «СТТ ҒЗИ» АҚ-пен (РФ) көздеуіш кешендеріне жылу визиялық камераларды кіріктіру туралы белоруссиялық «Пеленгпен» ҰҰА-ға әрі қарай кіріктіру үшін инфрақызыл линзалар мен жылу визиялық камераларды жеткізу туралы тиісті құжатқа қол қойып, ымыраға келді.
«С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ пен «Elcom innovations» үнді компаниясы көрме алаңында радиоэлектроника және байланыс аясындағы ынтымақтастық туралы, «ПЗТМ» АҚ, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС және израильдік «Elbit Systems» компаниялары кері серпілісті құрылғылар мен механикалық жетектері бар 120 мм минаатқыш негізінде жүйені өндіру бөлігінде меморандум жасасты.
«Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ пен испаниялық «SAES» компаниялары теңіз миналарын бірлесіп өндіруді меңгеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы меморандумға компания басшылары «KADEX-2016» көрмесінің екінші күні барысында қол қойды.
Ірі келісімшарттардың бірі – Мьянмаға конверсиялық техниканы жеткізу болды. «Семей инжиниринг» АҚ «MCM Pte Ltd» өкілдерімен келісімшарт жасасты. Әскери және азаматтық мақсаттағы жаңғыртылған техниканың экспорты туралы тағы бір меморандумға болгариялық «Металика – АБ ЕООД» компаниясымен қол қойылды.
«Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС-ға (ҚАИ) Ми-2 және Ми-8 тікұшақтарын жаңғырту бойынша технологиялар мен Ми-8 тікұшақтарына арналған қозғалтқыштарды күрделі жөндеуді беру туралы «Мотор Сич» АҚ-пен (Украина) кәсіпорынмен келісімге қол қойылды. Су-25 үлгісіндегі ұшақты күрделі жөндеу мен жаңғырту келісімшартына белоруссиялық «558-авиажөндеу зауытымен» қол қойылды.
«Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС (ЕСКИ) бірқатар қазақстандық компаниялар мен мемлекеттік құрылымдарға өзінің тікұшақтарын ықтимал жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. ЕС-125-тің 7 тікұшағын сатып алу жөнінде меморандумға Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері ЕСКИ-мен қол қойды, ЕС-130-дың 18 тікұшағы - «ҚазМедЭйр» ЖШС компаниясының басшылығы. Сонымен қатар ЕСКИ «Қазавиаспас» АҚ-та бар ЕС-145 борттарына техникалық қызмет көрсету жүргізуге ниетті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2016 жылғы маусымның 2-і мен 5-і аралығында Астанада IV халықаралық «KADEX» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі өтеді. Оның бірлескен ұйымдастырушысы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ болып табылады.
«Қазақстан инжиниринг» компаниясының тобы биылғы жылы көрме қатысушыларына 42 бірлік әскери техника, сондай-ақ 95 бірлік әскери және азаматтық мақсаттағы бұйымның тұсауын кесетін 20 кәсіпорынмен ұсынылған.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады