• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Байбек: Мемлекеттік рәміздер күні қазақстандықтардың сана-сезімін қалыптастырады

Б.Байбек: Мемлекеттік рәміздер күні қазақстандықтардың сана-сезімін қалыптастырады

4 Маусым, 2016 15:13
Алматыда ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін салтанатты түрде атап өтті.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қала тұрығндарын мерекемен құттықтап, бейбіт өмір, тұрақтылық пен келісім тіледі. Ол алматылықтар үшін осы күннің маңыздылығын айтып өтті.

«Бұл мереке бүкілхалықтық болып, барлық қазақстандықтарды біріктіреді және ұлттық бірегейлікті қалыптастырады, патриоттық сезімді және Отанға деген мақтанышты тәрбиелейді. Мемлекеттік рәміздерді құрудың түбірінде Тұңғыш Президент Н.Назарбаев тұр. Елбасы әнұранның авторласы болып келеді»,- деді Б.Байбек.

Сонымен қатар, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы мен 30 дамыған ірі мемлекеттердің қатарына кіруді айта келе, әкім ҚР Президентінің сөзін айтып өтті – «Біздің мемлекеттік рәміздеріміз Қазақстан Республикасының символы. Барлық елдерде өздерінің рәміздері күш беріп, халықты рухтандырып, оларды біріктіріп отырды. Біздің рәміздер тарихымыз бен дәстүрлерімізді көрсетеді»,-деді әкім.

Мерекелік шара барысында Талғат Күзенбаев үрмелі оркестр және Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хордың сүйемелдеуімен ҚР Мемлекеттік әнұранын айтты. Сонымен қатар, мерекелік шарада  «Арлан», Мөлдір Әуелбекова, Әли Оқапов, «Ерке» тобы, «Сарын», «Гауhартас», Ерболат Қудайбергенов және тағы басқалар қатысты.

Әртістер «Мәңгілік Ел», «Туған жер», «Алматы», «Қазағым», «Қазақ елі», «Қазағым-ай», «Көк тудың желбірегені», «Мен қазақпын» және тағы басқа композицияларды орындады.

 

Барлық жаңалықтар