- Басты
- Жаңалықтар
- ҰБТ-ның екі күндік қорытындысы бойынша 6 түлек 125 балл алды
ҰБТ-ның екі күндік қорытындысы бойынша 6 түлек 125 балл алды
Тестілеу бірінші күні 44 ҰБТӨП-тің, ал екінші күні 60 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді, деп ҚР БҒМ хабарлайды.
Тестілеудің екі күнінде мүмкін болған 125 балды 6 бітіруші жинады:
- Маткалиева Динара Маратқызы, «Ш.Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия» (Алматы қ.);
- Меирханова Аружан Ерланқызы, «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» (Алматы қ.);
- Оспанова Рамзия Рамазановна, «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» (Алматы қ.);
- Мухаметкали Еркежан Досенқызы, «№175 гимназия «Жаңа ғасыр» (Алматы қ.);
- Махамбетов Қалдыбек Ибрагимұлы, «№169 мектеп-лицей» (Алматы қ.);
- Беркинова Акнур Нурболовна, «Қаратөбе мектеп-гимназиясы» (Батыс Қазақстан облысы).
Тестілеудің екі күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 10 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде:
- ұялы байланыс телефондары тәркіленген – 9 бітіруші;
- емтихан материалдарын бүлдірген – 1 бітіруші.
Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады.
Апелляцияға өтінішті беру барысында бітірушінің әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.
2016 жылы 3 маусымда Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 123 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 25 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы қолданған тест тапсырмаларының 0,5-ті құрайды. Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілінен, математика, Қазақстан тарихы пәндерінен болды.
Келіп түскен өтініштерді қанағаттандырудың негізгі себебі:
· әртүрлі авторлардың оқулықтарындағы оқылудың айырмашылығы;
· техникалық себептер, оның ішінде баспалық қателер.
Сонымен қатар, өту деңгейінен өте алмаған бітірушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуіне құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-сі мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады