• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында экологиялық проблемаларды шешу үшін іс-шаралар қолданылуда

Ақтөбе облысында экологиялық проблемаларды шешу үшін іс-шаралар қолданылуда

4 Маусым, 2016 15:04
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбеде қала тұрғындарына ауа жағдайын хабарлап тұратын атмосфера мониторингісінің датчигін орнатуды тапсырды.

Тапсырма қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды реттеу  жөніндегі кездесу барысында мәлім болды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша атмосфераны ластайтын заттардың лақтырылуы 10,2 мың тоннаға азайған және 168,05 мың тоннаны құрады. Ақтөбе облысының көбінесе атмосферасын авто көліктер мен өндірістік өнеркәсіптер кіреді.

Аймақ басшысы атмосфераны ластап жатқан кәсіпорындардың басшыларына ескерту жасады және жұмыс орнында экологиялық жауапкершілік деңгейін арттыруды тапсырды.

Экологтардың мәліметінше, Ақтөбеде атмосфера қатты ластанған және ол жерде 50-ден астам өнеркәсіптік нысандар бар. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап сандәрігерлер 7,5 мыңға таман атмосфера ауасына зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу барысында ауаның ластануы 2014-2015 жылдармен салысытырғанда төмендегенін көрсетті.

Б.Сапарбаев өзінің сөзінде, Ақтөбеліктер өздерінің қандай ауамен демалып жатқандарын білу керектігін айтып өтті.

«Міндетті түрде қай жерде ауаның көп ластанғандығын анықтау керек және сол жерге ауа мониторингін анықтайтын датчиктерді қоямыз. Адамдар ауаның қай жерде көп ластанғанын және қай ұйымдар көп ластайтынын білуге құқылы. Біз оларға сенімді ақпаратты жеткізуіміз керек. Экология мәселесінде біздің басты мақсатымыз – табиғат байлығын сақтап қалу, аймақ тұрғындарына таза ауаны, суды және қоршаған ортаны  қамтамасыз ету»,-деді әкім.

Барлық жаңалықтар