«KADEX-2016» көрмесінде шет елдермен келісімшарттарға қол қойылды (ФОТО)

4 Маусым, 2016 14:31
«KADEX-2016» көрмесінің екінші күнінің қорытындысы өз жетістіктерін көрсетті. Егер көрменің алғашқы күнінде шет елдермен 6 келісімшарт жасалса, онда келесі күні отандық кәсіпорындар қажырлы іскерлік бағдарламаны жалғастырды, деп ҚР ҚМ хабарлайды.

«KADEX-2016» іскерлік алаңында қазақстандық «Қазтехнологиялар» компаниясы ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен ҚХР-мен 2 келісімшарт жасасты. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Нұрлан Сауранбаевтың қатысуымен ірі калибрлі оқ-дәрілерді өндіру бойынша «Norinco Corp» компаниясымен технологиялар мен жабдықты беру жөнінде меморандумға қол қойылды.

Маңызды талқы ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін тұрғын үй қорын құратын бірлескен кәсіпорын құру туралы меморандум болды.

Сондай-ақ «Қазтехнологиялар» «Град-1» ДАЗЖ-ға реактивті снарядтарды жаңғырту және сынамадан өткізу бойынша ресейлік «Сплав» МӨБ компаниясымен меморандумға қол қойды.

 Одан басқа, тағы да бір болгариялық компаниямен меморандумға қол қойылды. ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаровтың қатысуымен ҚР Қарулы Күштерінің ӘТК үшін зымыран-артиллериялық корабльді жеткізу жөнінде «Abeking&Rasmussen» неміс компаниясымен ниет туралы меморандумға қол қойылды.

 «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ компаниялар тобы бүгінгі күні 12 құжатқа қол қойды. Олардың бірі мыналар болып табылады.

 «КАЕ» компаниясы ұшқышсыз ұшу аппараттарына оларды әрі қарай кіріктіру үшін инфрақызыл линзалар мен жылу визиялық приборларды жеткізу жөніндегі меморандумға қол қойды.

 «Семей инжиниринг» зауыты Мянмаға конверсиялық техниканы экспорттауға ниетті. Қазақстандық зауыттың басшылығы «MCM Pte Ltd» компаниясының өкілдерімен келісімшартқа қол қойды.

Техниканың жеткізілу мерзімі 18 айдың ішінде жоспарлануда. Ресейлік «Қорғаныс жүйелері» компаниясы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-қа радиоэлектрондық күрес және радиотехникалық барлау құралдарын жеткізіп беруге дайын.

Осыған байланысты, екіжақты тәртіптегі келісімге қол қойылды.

 «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне ЕС-125 7 тікұшағын, «ҚазМедЭйр» ЖШС-ға ЕС-130 18 тіұшағын жеткізіп беру бойынша ниет туралы меморандумдарға қол қойды.

 Сонымен қатар «Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг» пен «Казавиаспас» АҚ қолданыстағы ЕС-145 борттарына техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ тікұшақтардың аралас флотын қосымша сатып алу ниеті туралы меморандум жасасты.

«Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ және испандық «SAES» компаниясы теңіз миналарының бірлескен өндірісін игеруді жоспарлауда. Ниет туралы тиісті меморандумға «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ бас директоры Александр Гнеломедов пен «SAES» бас директоры Антонио Кордеро қол қойды. 
 

Барлық жаңалықтар