- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да «Мерейлi отбасы» Ұлттық конкурсының облыстық кезеңiнiң жеңiмпаздарын құттықтады
СҚО-да «Мерейлi отбасы» Ұлттық конкурсының облыстық кезеңiнiң жеңiмпаздарын құттықтады
Аймақ әкімдігінде хабарлағандай, Н.Погодин атындағы облыстық драма театрында «Мерейлi отбасы» Ұлттық байқауының облыстық жеңiмпаздары марапатталды. Жиынға Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi Ерiк Сұлтанов қатысты.
«Мерейлi отбасы» Ұлттық конкурсы елiмiзде 4 жылдан берi өткiзiледi. Облыстық кезеңге 28 отбасы өттi. Бүгiн «Мерейлi отбасы» Ұлттық байқауының республикалық кезеңiне өтетiн қатысушылар анықталады.
Байқауға қатысушылар алдында сөз алған Ерiк Сұлтанов отбасының елiмiздiң iргетасын қалауға қосып жатқан үлесi ерекше екенiн атап өттi.
««Мерейлi отбасы» байқауының бiздiң елiмiз үшiн орны ерекше. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Отбасы — бiздiң қоғамымыздың құндылықтарын сақтаудың аса маңызды институты» деген болатын. Байқауға қатысқан әр отбасы елге сыйлы, жастарға үлгi. Баршаңызға алғысымды бiлдiремiн. Отбасыларыңызға амандық, дендерiңiзге саулық, баянды бақыт тiлеймiн. Мерейлерiңiз үстем болсын!», — дедi Ерiк Хамзаұлы.
Кейiн облыстық кезеңнiң жеңiмпаздарын «Шебер ұстаз», «Спорттық белестер»,»Ең еңбекқор отбасы», «Ең үздiк еңбек әулетi», «Отбасы дарындары», «Көпбалалы отбасылар», «Интернационалды отбасылар» және «Жүрегiмдi балаларға беремiн» номинациялары бойынша марапаттады.
«Мерейлi отбасы» конкурсының облыстық айналымында 3 орынды Уалиханов ауданынан келген Нұрбаевтар отбасы мен Петропавлдың Мартемьяновтар отбасы. 2 орынды Ғ. Мүсiрепов ауданынан келген Сұлтановтар және Мамлют ауданынан келген Қарабалаевтар отбасы жеңiп алды. Байқаудың жеңiмпаздары болып Шал ақын ауданынан келген Окуневтер мен Ақжар ауданынан келген Мәдiғаждар отбасы атанды.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады