- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы қызықты деректер
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы қызықты деректер
Тәуелсіздікті алған күннен бастап мемлекет алдында Мемлекеттік рәміздерді жасап, оны бекіту міндеті тұрды. Үлкен жұмыстар атқарылды.
1992 жылдың басында жаңа мемлекеттік рәміздерді дайындау бойынша жұмыс тобын құру туралы Жоғарғы Кеңес Президиумының қаулысы шықты. Соған орай, арнайы шығармашылық комиссия жасалынды. Олардың құрамына Салық Зиманов, Ербол Шаймерденов және тағы басқа атақты қайраткерлер кірді.
Ту, елтаңба және әнұран бойынша байқау жарияланды және оған 600-ден астам адам қатысты. Мемлекеттік тудың эскизімен барлығы 1200 өтініш келіп түсті. Сонымен қатар, суреттер бойынша 245 жоба және 67 Мемлекеттік елтаңбаның сипаттамасы мен мемлекеттік әнұранның 750 нұсқасы келді.
Байқау қатысушыларының алдында қиын тапсырма тұрды. Мемлекеттік рәміздер тек эстетикалық талаптарға ғана жауап бермей, сонымен бірге тарихи, саяси, экономикалық мағынаны да өзімен бірге алуы керек болды.
Осы тапсырманы Шәкен Ниязбаев (ту), Жандарбек Мәлібеков және Шота Уәлиханов (елтаңба авторлары), Шәмші Қалдаяқов (әнұранның әні), Жұмекен Нәжімеденов (әнқранның сөзі) сынды таланттар жасай алды.
Мемлекеттік рәміздерді таңдау кезінде ерекше рөлді Президент Н.Назарбаев ойнады. Елбасымыз Мемлекеттік әнұранның сөзіне бірқатар өзгерістер еңгізіп, біріккен шығармашылық ұжымның құрамына кірді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қазақ тілінде терминдердің қолданылуына көңіл бөлді. Оның бастамасымен «елтаңба», «әнұран», «нышан, рәміз» атты терминдер енгізілді.
ҚР Мемлекеттік рәміздері 1992 жылдың 4 маусым айында қабылданды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары