- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде
Қазақстан Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде
Әрбір елдің мемлекеттік символдары өзінің мағынасын береді.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев айтып өткендей: «Мемлекеттік символдар – бұл мемлекетіміздің, егемендігіміздің ұмытылмас негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің біріккен тұлғасын көрсетеді».
Мемлекеттік символдарды жасау мен бекіту кезінде олардың мазмұны мен дизайынына аса көп мән берілді. Барлық процес әрдайым бақылауда болды және еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты.
ҚР Мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2 Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
ҚР Мемлекеттік елтаңбасы
Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.
ҚР Мемлекеттік әнұраны
Әнұран - бұл дыбыстық рәміз, әлеуметтік-саяси бірігуде және еліміздегі азаматтарды этномәдени біртұрпаттылықта айтарлықтай мағына береді.«Гимн» терминінің өзі гректің «gimneo» сөзінен алғанда «салтанатты ән» дегенді білдіреді.
Қазақстанның әнұраны «Менің Қазақстаным» атымен белгілі, ол Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2006 жылдың 6 қаңтар айында Парламентпен бекітілді. Алғаш рет әнұран 2006 жылдың 11 қаңтар айында Мемлекет басшысын салтанатты ұлықтау кезінде ойнады. Музыка-композитор Шәмші Қалдаяқов, сөзі-Жұмекен Нәжімеденов және Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар айтып өтейік ,ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын атап өту туралы тұжырымдамасына сәйкес, ҚР Мемлекеттік рәміздер күні 4 маусымда аталып өтеді және «Маусым- мемлекеттік символдар» атты тақырыптық айдың маңызды қоғамдық-саяси оқиғасы болып келеді.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру