• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Барыс» отандық броньді көлігі ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келеді - Paramount Group бас директоры

«Барыс» отандық броньді көлігі ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келеді - Paramount Group бас директоры

3 Маусым, 2016 18:07
«Барыс» отандық броньді көлігі ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келеді, деп Paramount Group бас директоры Айвор Ичиковец «KADEX-2016» көрмесінде журналистердің сұхбатына жауап берді.

«Алты ай бұрын біз Астанада Kazakhstan Paramount Engineering өндірісін аштық. Бұл броньдік көлікті өндіру бойынша ең үлкен фабрика. Біз президентке уәде бердік, яғни нақты айтқанда, Қазақстан үшін 8-ге 8 моделін жасаймыз және ол жергіллікті жағдайларға сәйкес келеді. «Барысты» бір жыл ішінде жасадық. Бүгінгі күні ол әлемдегі 8-ге 8 платформасындағы өршіл модель. «Барыс» Қазақстанның өнімі болады»,-деді А. Ичиковец.

Сонымен қатар, ол өз сөзінде Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі тез дамып келе жатқандығын айтып өтті.

«Аталмыш факт елімізді басқа әлемдік лигаға дәстерлейді. Отырғыш, металдық компонент, қозғалтқыш сынды компоненттерді қолданамыз»,-деді ол.

Оның айтуы бойынша, «Барыс» броньді көлігі +50 және -50 ауа температурасында жұмыс жасай алады. Сонымен қатар, басты тапсырманың бірі солдаттардың қауіпсіздігін жасау болды.

«Барыс» 2016 жылдың жаңа ісі. Бұқаралық өндірістік алты айдан кейін басталады. Бүгінгі күні қызығушылық танытып жатқан елдердің саны көп. Біздің өнім жылына 400 көлік дайындауға арналған»,-деді А. Ичиковец.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар