• Басты
  • Жаңалықтар
  • «KADEX-2016» көрмесінде ОА-ғы жалғыз ЕС145 ұшу жаттығу құрылғысы ұсынылды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«KADEX-2016» көрмесінде ОА-ғы жалғыз ЕС145 ұшу жаттығу құрылғысы ұсынылды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

3 Маусым, 2016 18:41
Астанада екінші күн IV халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі өтуде.

Осы жылы «KADEX-2016» көрмесінің акценті отандық кәсіпкерлерге жасалды. «Қазақстан инжиниринг» компания тобы 20 кәсіпорынмен таныстырылды және олар көрме қатысушыларына 42 бірлік әскеи техниканы таныстырады, сонымен қатар 95 бірлік әскери және азаматтық тағайындаудағы бұйымдар.

Өз кезегінде, «Еврокоптер Казахстан инжиниринг» ЖШС «KADEX-2016» көрмесінде Орталық Азиядағы жалғыш ЕС145 (FNPT III) ұшу жаттығу құрылғысын ұсынды. Ол Германияда Rheinmetall компаниясында шығарылды және оқыту жасауға және барлық негізгі тапсырмалар бойынша жазғы құрамды дайындауға көмек береді. ЕС-145 жаттығу құралы экипаж іс әрекеттерін авиациялық жабдықтар істен шыққан кездің өзінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. ЕС-145 тікұшағының бортында нұсқаушының қосымша жұмыс орны бар. Түрлі елдердің ұшқыштары атлмыш тікұшақтан оқыту алу үшін келуде.

Алғаш рет осы жылы жаңа авиациялық-техникалық орталығының мүмкіндіктерін таныстыра алды.

Сонымен қатар, қатысушылар мен қонақтарға СУ-27-де «Жетісу» пилотажды тобының қойылымы көрсетілді, топ жетекшісі-полковник Тимур Омаров, жетекші – полковник Нұрлан Оразов және Арсылан Ғалимов, капитан Руслан Макадиев.

ЕС – 145 тікұшағындағы бірыңғай және топтық ұшуды полковник Талғат Сыздықов және Еркен Жұмағалиев көрсетеді.

Аталмыш ұшулар көрермендерге қазіргі заманғы тікұшақтарды қазақстандық ұшқыштардың толық меңгергендігін көрсетеді.

Айта кететін жайт, авиашоуға қатысқан  тікұшақтар Қазақстанда өндірілетін авиациялық керосинмен аспанға көтеріледі.

Барлығы Қазақстанның МӨЗ –імен пилотажды топпен әуе шоуын қамтамасыз етуге 450 тонна авиаотын және 670 арнайы сұйық затын алды.

Осындай демеушілік көмекті алғаш рет отынмен қамтамасыз ету саласы бойынша «КазМунайГаз – Аэро» ЖШС мамандандырылған отандық компания қамтамасыз етті.

Естерінізге сала кетейік, «KADEX-2016» көрмесі төртінші рет өткізілуде. Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары көрмені 4 және 5 маусым аралығында көре алады.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген  Азамат Әлиев

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар