• Басты
  • Жаңалықтар
  • Артем Яковенко: «Болашақ» бағдарламасы менің өмірімді түбнгейлі өзгертті

Артем Яковенко: «Болашақ» бағдарламасы менің өмірімді түбнгейлі өзгертті

25 Қараша, 2013 12:56
Артем Яковенко, «Болашақ» бағдарламасы шәкіртақысының иегері, 2011 жылы Мәскеу авиациялық институтын бітірді. Жас маман ақпараттық технологиялар саласында өзінің халықаралық тәжірибесін айтып берді.

- Сіз үшін «Болашақ» бағдарламасының орны қандай?

- «Болашақ» бағдарламасы менің өмірімде үлкен мәнге ие. Ол менің шетелде сапалы білім алып, рухани дамуыма өз септігін тигізді. Сенімділігімді арттырып, достармының  қатарын өсірді. Ең бастысы бағдарлама арқылы білім алғаннан кейін жақсы жұмысқа тұрдым.

-Конкурсқа қатысуға не себеп болды?

- Біріншіден, бұл менің қолымнан келе ме деген ой.

Екіншіден, сапалы білім алу қажеттілігі.

Үшіншіден, отбасылық үйден жыраққа шығып, жеке өмір бастау  мүмкіндігі.

Қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

- Ойланып қалды... Есіне түсіруге тырысты, бірақ түспеді есіне. Студенттік жылдар – өмірдің ең бақытты кезеңі.

-Бағдарламадан кейін мансабыңыз қалай жалғасты?

-  Оқуымды бітірмес бұрын мен «РубиКОМ» кәсіпорнында жұмыс тауып алдым, қазір де осы жерде қызмет істеп жүрмін.

-Келешек болашақтықтар үшін не тілейсіз?

-Оқуларына сәттілік, зор денсаулық, шыдамдылық пен ынтымақтастықты тілеймін.

 

 

Барлық жаңалықтар