• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бұрындары тоқтап қалған қарағандылық кремний зауыты өндірістік қарқын алып келеді

Бұрындары тоқтап қалған қарағандылық кремний зауыты өндірістік қарқын алып келеді

3 Маусым, 2016 16:24
Бұрындар «Тау-Кен Темир» металлургиялық кремнийді өндіретін қарағандылық зауыт өндірістік қарқын алып келеді, деп «Тау-Кен Темір» басқарма төрағасы Мұрат Жүкенов ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында мәлім етті.

«Қарағандылық кремний зауыты 2010 жылы пайдаланылуға берілді, алайда қаржы жағынан туындаған қиындықтар бойынша 2013 жылы өндірістік жұмысы тоқтады.  ҚР Президенті жанындағы тау-кен және металлургиялық қызметі бойынша кеңестің шешімімен 2013 жылдығ 5 желтоқсанында «Тау-Кен Самұрық» АҚ инвестициялық және стратегиялық жобасы іске асыруда оператор болып тағайындалды»,-деді М.Жүкенов.

Оның айтуы бойынша, «Тау-Кен Темір» ЖШС атты аталмыш жобаны іске асыру мақсатында, 2014 жылы бүкіл өндірістік кешенін техникалық жағдайын бағаланды, сонымен қатар барлық қажетті әске қосу мен жөндеу және қайта жаңарту жұмыстарын өткізілді.

«Өткізілген шаралар қорытындысында 2014 жылдың 29 қыркүйек айында № 1 пеші іске қосылды, және  1 жылдан кейін 2015 жылдың 10 қыркүйек айында №2 пеш іске қосылды»,-деді ол.

Компания басшысы бүгінгі күні негізгі мақсаттың бірі, көрсеткіштердің тұрақтылығына қол жеткізу, сонымен бірге  өндірістік өзіндік құнын төмендету деп атап өтті.

«2014-2016 жылдар аралығында өндірісте және жалпы бағалық ұсынымдардың төмендеуі болды. Мысалы, 2014 жылы техникалық кремнийге деген баға әлем нарығында тоннасына 3 мың долл-ды құрады. Бүгінгі күні мателлургиялық кремнийдің бағасы тоннасына 1 450 доллар. Толық емес екі жыл ішінде оның бағасы екі есеге құлады. Соған қарамастан, біз қандай да болсын шара қолдануымыз керек.  Осылайша, шикізат құнын төмендету жұмыстарын жүргіздік, сонымен қатар Қарағанды қаласының «Сарыарқа» арнайы экономикалық алаңына кіру бойынша нақты шаралар қолдандық. Қазіргі күні компанияның өндірістік көрсеткіші тұрақты болып тұр»,-деді М.Жүкенов.

Айта кетейік, қазіргі күні барлық өнімнің 10 пайызы жақын және алыс шетелдерге экспортталады, ал негізгі сатып алушылар – ол АҚШ және Еуропа елдері. Зауыттың жұмыскерлер саны 372 адамды құрайды.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар