Отандық әскери техника «KADEX-2016» көрмесінде (ФОТОРЕПОРТАЖ)

3 Маусым, 2016 15:52
Астанада екінші күн IV халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі өтуде.

Осы жылы «KADEX-2016» көрмесінің акценті отандық кәсіпкерлерге жасалды. «Қазақстан инжиниринг» компания тобы 20 кәсіпорынмен таныстырылды және олар көрме қатысушыларына 42 бірлік әскеи техниканы таныстырады, сонымен қатар 95 бірлік әскери және азаматтық тағайындаудағы бұйымдар.

Алғаш рет «KADEX-2016» отандық өндірістің «Арлан» бронды дөңгелек машинасы және «Барыс» бронды көлігі ұсынылады. ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, осы сынды техниканың аналогы бүгінгі күні республиканың Қарушыл күштерінде жоқ. Сонымен бірге, «Арлан» әскери дөңгелекті көлік экспортқа жіберіледі.

Жалпы, «KADEX-2016» көрмесі төртінші жыл өткізілуде. Жыл сайын қазақстандық және шетелдік қатысушылардың саны ұлғаюда.

Осы жылы көрменің бағдарламасы әсерлі және көзтартымды. Экспозиция 8 павильонда жасалған және ашық алаңда. Көрменің жалпы алаңы 90 мың шаршы метрді құрайды.

«KADEX-2016» көрмесіне шет мемлекеттердің қорғаныс ведомстволарының 40-тан астам ресми делегациялары келді, сонымен қатар 350-ден астам әр түрлі елден келген әскери техниканы өндіруші компаниялар және олар да өз өнімдерін ұсынды.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген Азамат Әлімов

 

 

Барлық жаңалықтар