• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы ҚР-да ресми онлайн петициясы тетігін енгізуді ұсынады

«Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы ҚР-да ресми онлайн петициясы тетігін енгізуді ұсынады

3 Маусым, 2016 16:41
«Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы бастама көтеріп, атқарушы және өкілетті, жергілікті және орталық деңгейдегі органдарға жөнелту үшін Қазақстанда ресми онлайн петициялар тетігін енгізуді ұсынады.

Аталмыш перициялар қоғамға қолдау көрсетуге, міндетті түрде мемлекеттік органдарда жариялануы керек. Әрбір хабарласқан адамның мәселесіне шешім шығарылуы керек немесе кері қайтарылатын болса бейне дәлел арқылы жасалуы керек. Белсенділер электронды үкімет порталынан осындай ресурс құруды ұсынып отыр.

Интернеттің дамыған күнінде онлай-петициялар қоғам мен биліктің арасындағы коммуникация арналарының жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Осы арқылы азаматтар белгілі бір проблемаларды мемлекеттік органдарға еркін жеткізе алар еді және оның шешілуіне ықпалы болар еді.  

Онлайн петицияларды енгізу азаматтардың мемлекетке шығуының жаңа формасы болып қалыптасып, әлеуметтік қиындықтардың азаюына, мемлекеттік органдарға деген сенім нығайып, мемлекет пен қоғам арасында конструктивті диалог орнайды.

Барлық жаңалықтар