- Басты
- Жаңалықтар
- Талдықорғанда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 92 метрге Мемлекеттік Ту көтерілді
Талдықорғанда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 92 метрге Мемлекеттік Ту көтерілді
Маңызды айта кететін жайт, бұл биіктік өлшемі Қазақстан Тәуелсіздігінің жаңа мемлекетік символдары бекітілген 1992 жылға негізделіп алынған, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Мерекелік шара Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуге дейінгі тарихи жолдары бейнеленген театрландырылған көрініспен басталып, балабақша тәрбиеленушілері Отан, Мемлекеттік рәміздер, тәуелсіздік туралы өлең-тақпақтарын оқыды.
Туды көтерер алдында облыс әкімі Амандық Баталов жиналғандарды салтанатты шарамен құттықтап:
- Бүгін Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Жетісудың бас қаласы Талдықорғанда Мемлекеттік Ту тұғырына орнатылып, салтанатты түрде көтеріледі. Осындай Мемлекеттік Ту Астана, Алматы сияқты еліміздің ірі қалаларында орнатылған. Бұдан былай мемлекеттік мерекелер осы Ту тұғырының астында өтетін болады.
Көк Тудың тұғырын биіктету – Қазақстанның ертеңгі тізгінін ұстайтын, болашақтың иесі - жастарға аманат, – деді өз сөзінде.
Облыс басшысы, сонымен қатар біздің мемлекеттік туымыздың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің символына айналғанын да атап өтті.
- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Біз Тәуелсіздікке қол жеткіздік, енді сол Тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет»,- деп атап өткендей, біз үшін Мемлекеттік рәміздер – ұлттық тұтастықтың кепілі.
Дана халқымыз «Туған жерге туыңды тік» дейді. Олай болса, Жетісудай жер жаннатында алып ту тігу – біз үшін асқан абырой, зор мәртебе. Тудың кеңдігі – еліміздің дархандығы, биіктігі – мәртебесінің асқақтауы деп білеміз. Туымыз тұғырлы, тәуелсіздігіміз ғұмырлы болсын! – деді ізгі тілегін білдіріп.
«Көк тудың желбірегені» және «Қазақстан - Нұрсұлтан» патриоттық әндері белгілі әнші Ибрагим Ескендір мен «Талдықорған әуендері» ансамблі әншілерінің орындауында шырқалса, бұдан әрі мереке саябақтың негізгі сахнасында жалғасып, Сүйінбай атындағы облыстық филармония, «Талдықорған әуендері» ансамблі, Қазақстан эстрадасының өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»