ҚР Қарулы Күштерінде әскери альпиниада басталды

3 Маусым, 2016 20:43
Алматыда «Әскери альпиниада» басталды. Оның барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері «Армия ойындары-2016» халықаралық жарысы шеңберінде өтетін «Эльбрус шығыршығы» байқауына жолдама ұтып алу үшін бақ сынасатын болады, деп әскери ведомство хабарлайды.

Әскери альпиниада бес кезеңде өтеді. Бірінші және екінші кезең аясында әскери қызметшілер бағдардың күрделі емес шөпті, оранбалы және қарлы учаскелері бойынша күндізгі өткелден өтулері тиіс. Үшінші және төртінші кезеңдерде сайыс қатысушыларына «Ілмелі өткел», «Құзға өрмелеу» және «Жаралыны тасымалдау» бойынша арнайы учаскелерден өту қажет болады.

Сайыс соңында әскери қызметшілер Амангелді тауының басына шығады. Теңіз үстіндегі биіктігі 5 642 метр Ресейдегі ең жоғары Эльбрус шыңын бағындыруға Альпиниада қорытындысы бойынша бірінші орын алған команда  жолдамаға ие болады. 
 

Барлық жаңалықтар