• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның 6 аймағында МЖӘ аясында түзету мекемесінің құрылысы жоспарланған

Қазақстанның 6 аймағында МЖӘ аясында түзету мекемесінің құрылысы жоспарланған

3 Маусым, 2016 11:38
МЖӘ аясында жаңа түрмелер Қазақстанның алты аймағында пайда болады. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Бауыржан Бердалин ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында мәлім етті.

«Ұлт жоспарының 34 қадамында белгіленген МЖӘ асянда түрме жүйесін жаңғырту бойынша шаралар қолданылуда. Шымкент қаласында 1500 орынға арналған қазіргі заманға сай түрмелердің құрылысы бойынша құжаттар жасалуда. Сонымен қатар, Астана, Петропавловск, Қызылорда, Қарағанды, Орал қалаларында аумақ бөлінді және ол жерде МЖӘ аясында жаңа мекемелер құрылады»,-деді Б.Бердалин.

Сонымен бірге, МЖӘ жобаларын іске асыру жұмысы ашық байқау барысында жеңіске жеткен  компанияларға жүктелетіндігін айтып өтті. 

Барлық жаңалықтар