• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жыл басынан бері инвестомбудсменге инвесторлардан 30-ға жуық өтініш келіп түскен

Жыл басынан бері инвестомбудсменге инвесторлардан 30-ға жуық өтініш келіп түскен

3 Маусым, 2016 11:34
Қазақстанда осы жылдың басынан бері инвестициялық омбудсменге инвесторлардан 30-дайөтініш келіп түскен,-деп хабарлады инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев.

«Осы жылдың қаңтары мен сәуірінде 30 өтініш келіп түсті, олардың 15-і инвесторлардың пайдасына шешілді»,-деді Ә.Исекешев.

Министрдің айтуынша, инвесторлар көбінесе салық, кеден, еңбек заңнамасы, сонымен қатар, жер қатынастарына қатысты мәселелермен ұшырасып қалады.

Министрдің ақпаратынша, 2015-ші жылы инвестомбудсмендерге 60-қа жуық өтініш келіп түскен. Олардың 39-ы оңтайлы мәселе ретінде қаралды.

«Омбудсменнің мақсаты – мәселені сотқа дейін қарау, бұл мәселелерді сотпен арбитражға дейін жетькізбеу. 11 өтініш соттың айналысуына байланысты омбудсменнің қарауынан алынып тасталды, ал қалғанымен жұмыс жүргізіліп жатыр»,-деп түсіндірді ол.

Ә.Исекешев 2005-ші жылы Қазақстанға 200 млрд. доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылғанын, оның 20 млрд. доллары өңдеу секторына тартылғаны туралы ақпараттандырды. 

Барлық жаңалықтар