Ақмола облысында Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысы басталды

3 Маусым, 2016 11:29
Ақмола облысында Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысы басталды

Отырыс барысында комиссия мүшелері Ақмола облысының тұрғындарымен ҚР Жер кодексіне жаңашылдықты енгізу мәселелері талқыланды. Отырыста Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің, аймақтың бірінші басшысының орынбасары Қадырхан Отаровтың, «Родина» ЖШС директоры Иван Сауэрдің, «Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас директоры Жексенбай Қасқарбаевтың қатысылуы жоспарланған.

Бұл жолы Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысына Үкімет басшысының орынбасары, комиссия жетекшісі Бақытжан Сағынтаев бастаған аталған комиссияның бір топ мүшелері қатысуда.

Еске сала кетсек, Ақмола облысының жер аумағы 14,621 миллион гектарды құрайды.  Оның 10,564 миллион гектары немесе 72,1 пайызы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерлер болса, 10,542 миллион гектары мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың үлесінде.

Оған қоса, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ішінде 206 гектарын шетелдік инвесторлар жалға алған.

Барлық жаңалықтар