• Басты
  • Жаңалықтар
  • К.Мәми: Отандық бизнесмендер мен шетелдік инвесторлардың құқығын қорғауда сот жүйесі ерекше рөл ойнайды (ФОТО)

К.Мәми: Отандық бизнесмендер мен шетелдік инвесторлардың құқығын қорғауда сот жүйесі ерекше рөл ойнайды (ФОТО)

3 Маусым, 2016 10:42
Астанада «Инвестицияны қорғаудың институционалды тетіктерін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтіп жатыр. Әңгіме Қазақстан Республикасының инвестициялық даулар мен арбитраж заңнамасы жайында. Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми өз сөзінде инвестициялық даулар бойынша жеке сот өндірісі отандық бизнесмендер мен шетелдік инвесторлардың құқығын қорғауда сот жүйесі ерекше рөл ойнайды, деп атап өтті.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 23-ші қадамы аясында осы жылдың қаңтар айынан бастап, Жоғарғы сотта инвестициялық даулар бойынша жеке заңнама жүзеге асырылуда.

«2016-шы жылдың басынан бағдарламалық құжатта көрсетілген тапсырмалар белсенді жүзеге аса бастады. Республикада инвестициялық даулар бойынша жеке сот өндірісі құрылды. Ол бизнес субъектілері мен инвесторлардың құқығын қамтамасыз ететуде сот жүйесінің ерекше рөл атақаратынын көрсетеді»,-деді Қ.Мәми.

Ол Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың жақында өткен шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында жақын онжылдықта Қазақстан үшін экономикалық дамудың жаңа моделі қалыптасатынын айтқаны туралы ойын еске салды. Жетекші шетелдік инвесторлар инвестициялық соттар қазақстандық сот жүйесін жетілдіруге атсалысатынына жоғары баға беріп, өз пікірлерін білдірді.

«Жоғарғы сотта халықаралық 12 абыройлы шетелдік және қазақстандық заңгерлер мен ғалымдардан тұратын кеңес ұйымдастырылған. Кеңес мүшелеріне азаматтық іс өндірісі бойынша бекітілген бірінші сараптама берілді»,-деп хабарлады Қ.Мәми. 

Барлық жаңалықтар