- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында қала сыртындағы 10 сауықтыру лагері жұмыс істейді
Жамбыл облысында қала сыртындағы 10 сауықтыру лагері жұмыс істейді
Жазғы демалыс кезіндегі барлық іс-шараларға 1-10 сыныптарда оқитын 187029 оқушыны толық қамту жоспарланып отыр. Оның 87% (162622 оқушы) – жазғы сауықтыру және демалыс шараларымен (2015 жылы - 85%), 57,6 %-ы (107675 оқушы) – еңбекпен және демалыс шараларымен қамтылады.Балалардың жазғы сауықтырылуы мен демалысын, бос уақыттарын ұйымдастыру 2 бағытта жүргізіледі: 1-ші бағыт бойынша – 162622 оқушы лагерьлерде демалады:
«Облыста 10 сауықтыру лагері бар (6 мемлекеттік, оның ішінде 1 лагерь сенімгерлік басқаруға берілген, 4 мемлекеттік емес). 10 сауықтыру лагерінде - 7410 оқушы; тамақ ішуді ұйымдастыратын мектеп жанындағы 369 демалыс алаңында - 32534 бала (2015 жылы -26354); тамақ ішуді ұйымдастырмайтын 426 демалыс алаңында – 113267 бала (2015 жылы – 112408 бала); Республикалық сауықтыру орталықтарында - 124 бала;ата-аналар мен демеушілер есебінен - 9287 бала»,- деп атап өтті спикер.
«2-ші бағыт бойынша – балалардың демалысы мен бос уақыттарын ұйымдастыру шараларына 107675 бала ( 57,6%) қамтылады. Туристік саяхаттар мен экскурсияға қамтылатындар – 8692; мектептер мен мектептен тыс білім мекемелеріндегі тіл үйрену, спорттық, өнер бағыттары бойынша үйірмеге қамтылатындар – 60076; еңбек жасақтарында – 35207 (көгалдандыру, жөндеу жұмыстары); аула клубтарында – 3700»,- деп ақпараттандырды С.Шевченко.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес биылғы жазғы маусымда дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернаттары базасында ағылшын тілін үйрену курстарын ұйымдастыру және жоғары оқу орындарында ағылшын тілі мамандығы бойынша оқып жатқан 3, 4 курс білімгерлерін волонтер ретінде жаз мерзімінде мектептердегі ағылшын тілі үйірмелеріне тарту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №02-5/217 хатына сәйкес, 2016 жылдың маусым айының 13-24 күндері өңірлердегі барлық «Назарбаев Зияткерлік мектептерінде» жалпы орта мектептерінде оқитын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, аз қамтылған отбасы балалары мен білім үздіктеріне арналған әр түрлі бағыттағы жазғы тегін мектептерге облысымыздан 60 оқушының қатыспақ.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр