• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның саяси дамуындағы өзекті мәселелері Астанада өткен ККО отырысында талқыланды

Қазақстанның саяси дамуындағы өзекті мәселелері Астанада өткен ККО отырысында талқыланды

3 Маусым, 2016 09:14
ҚР Сыртқы істер министрлігінде биыл екінші Консультативтік-кеңес органының отырысы «Адами өлшем диалог алаңы» тақырыбында жақында тағайындалған ерекше тапсырмалар бойынша Елші Майнұр Мырзамадиеваның төрағалығымен өтті.

Дәстүрлі отырыс жұмысына Қазақстанның азаматтық қоғамы, ресми өкілдер, халықаралық ұйым өкілдері, БҰҰ, ЕҚЫҰ, Германия Федеративті Республикасының Бундестаг депутаты, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясындағы ГФР делегациясының басшысы Аксель Фишер қатысты.

Отырыстың негізгі тақырыбы Қазақстанның саяси дамуындағы өзекті мәселелер, сонымен қатар, жер реформасы мәселелелрі және 2016-2020 жылдардағы адам құқығы бойынша екінші Ұлттық жоспарды дайындау әрекеттеріне байланысты болды.

Екінші отырыстың басты қорытындысы Қазақстанның саяси даму мәселелері бойынша жан-жақтылы бірлескен жұмыстарды жалғастырып, Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыруда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына басымдық беру керектігі айтылды. 

Барлық жаңалықтар