«KADEX-2016» көрмесінде елдер арасындағы алғашқы келісімге қол қойылды

2 Маусым, 2016 19:51
«KADEX-2016» көрмесі биылғы жылы қатысушылардың рекордтық санын жинады. Қазақстанды 100-ден аса компания ұсынуда.

Делегаттарды «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың техникасымен таныстырды. «Арлан» броньдалған машиналары, жаңғыртылған Т-72А  танктері, броньдалған жөндеу эвакуациялық көлік машиналары, ЕС-145 кешенінің пилотаждық тренажеры, қазақстандық өндірістің броньды кеудешелері мен өзге де техника ұсынылды, деп қорғаныс министрлігінде хабарлайды.

 «KADEX-2016» көрмесінің алғашқы күні аясында «Қазтехнологиялар» АҚ-тың өкілдері бірқатар кездесулер өткізді. Онда артиллериялық оқ-дәрілерді  -  Д-30 гаубицасына жарқыншақты-фугасты снаряды бар 122 мм оқ ату жөнінде «Қалқан 7» ЖШС-мен бірлескен кәсіпорын құру туралы құрылтай шартына, Ресей Федеарциясымен «Град» ҰМ-21 АЗЖ құрылғысын жаңғырту мәселелері бойынша шартқа қол қойылды.

Сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания және Болгарияның компанияларымен қазақстандық патрон зауытының өнімдерін сатып алу жөнінде келісімге қол қойылды. Одан басқа, Беларуське қазақстандық жылу визиялық камераларды экспорттау жоспарлануда. «КАЕ»  қазақстандық компаниясы белоруссиялық «Пеленгке»  әрі қарай көздеуіш кешендеріне орнату үшін өзінің жылу визиялық камераларын жеткізуге ниетті.  

 «КАЕ» ЖШС бас директорының орынбасары Әбиюр Алшымбаев пен «Пеленг» ААҚ бас директорының орынбасары  Сергей Литвяков  «KADEX-2016»  халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің алаңында өзара түсіністік туралы тиісті меморандумға қол қойды. 

Ә. Алшымбаевтың айтуынша, меморандумның мақсаты «Пеленг» ААҚ-тың көздеуіш кешендеріне «КАЕ» ЖШС-мен әзірленіп, дайындалған жылу визиялық камераларды кіріктіру аясындағы ынтымақтастық болып табылады. 
 

Барлық жаңалықтар