- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында осы жылы ИИДМБ аясында 460 жұмыс орны құрылады
Жамбыл облысында осы жылы ИИДМБ аясында 460 жұмыс орны құрылады
Министр Жуалы ауданында өткен жылы пайдалануға берілген,«Burnoye Solar-1» ЖШС-тің қуаты 50 МВт.күн электр станциясында болды. Объектіде 26 адам жұмыспен қамтылған.Станцияның өндірістік қуаты 73 млн. кВТ/час, деп ИДМ хабарлайды.
Министр Жаңатас қаласында кешенді минералдық тыңайтқыштар зауыты құрылысының салыну барысымен танысты.
"Жамбыл облысындағы маңызды жоба – болашақ химия кластері. Қазір Еврохим Жаңатаста химия комбинатының құрылысын бастайды. Еврохимнің тағы бір жобасы Қаратауда іске асырылады. Индустрияландырудың осындай шағын қалаларда, моно қалаларда жүруі өте маңызды." - деді министр.
Бүгінгі күні Еврохим компаниясы жобаның бірінші кезеңін - орта мөлшерде уату, құрғақ елеу торабын қоса алғанда, таукен кешенінің құрылысын салуды, сондай-ақ Аралтөбе кен орнының жалпы өнеркәсіптік алаңын абаттандыруды аяқтап, табысты іске асырды.Іске қосу-жолға қою жұмыстары 2016 жылдың бірінші тоқсанында аяқталды.Өндіріс көлемі жылына 640 мың тонна фосфорит ұнын құрайды.
Екінші кезеңде Жаңатас қаласында минералдық тыңайтқыштар шығару жөніндегі химия кешенінің құрылысын салу көзделеді, ол ағымдағы жылдың күзінде басталады.
Үшінші кезеңде Қаратау қаласында Сарытас кәсіпорнының базасында қуаты жылына кемінде 1 млн. тонна құрайтын минералдық тыңайтқыштар өндіру зауытының құрылысын салу жоспарлануда. Оның құрылысын 2025 жылы аяқтау көзделуде.
Бүгін ҚР ИДМ тобы «Қазфосфат» минералдық тыңайтқыштар өндіру зауытында болды,онда экстракциялық фосфор қышқылы өндірісінің технологиялық жүйесін қайта жаңарту жобасымен танысты.
Құрылыс жұмыстарына 150 адам тартылады, кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 220 мың тонна өнім шығару.
2016 жылдың екінші жартыжылдығында іске қосу жоспарлануда.
Жамбыл облысындағы индустрияландыру картасының шеңберінде 6 жылдың ішінде 27 жоба іске қосылды, 6 мың тұрақты жұмыс орны құрылды.
Ағымдағы жылы тағы 8 жобаны іске қосу жоспарлануда, оларда 460 тұрақты жұмыс орны құрылады.
ИИДМБ шеңберінде Жамбыл облысына өңдеуші өнеркәсіпте мынадай өңірлік мамандану белгіленген: өнеркәсіпке арналған химикаттар өндіру, агрохимия, қара металлургия, құрылыс материалдарын, тамақ өнімдерін, былғары және оның өнімдерін өндіру.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді