• Басты
  • Жаңалықтар
  • З.Баймолдина: Жыл сайын Әділет министрлігіне 70-ке жуық заң жобасы сараптауға түседі

З.Баймолдина: Жыл сайын Әділет министрлігіне 70-ке жуық заң жобасы сараптауға түседі

2 Маусым, 2016 16:11
Жыл сайын Әділет министрлігіне заңгерлік сараптамаға орташа есеппен 70 заң жобасы, 2 мың Президент пен Үкіметтің акт жобалары, сонымен қатар, 10 мың акт орталық және жергілікті органдардан түседі, деді ҚР әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина Ортақы коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

«Әділет органдарының негізгі міндеттерінің бірі ұлттық заңнаманы құру жұмыстарына қатысу. Аталмыш міндет әділет органдарының нормативтік-құқықтық акті жобаларына заңгерлік сараптама, заң жобасын үйлестіру қызметі және жоспарлау жасау арқылы іске асырылады. Жыл сайын Әділет министрлігіне заңгерлік сараптамаға орташа есеппен 70 заң жобасы, 2 мың Президент пен Үкіметтің акт жобалары, сонымен қатар, 10 мың акт орталық және жергілікті органдардан түседі»,-деді З.Баймолдина.

Осыған байланысты 2015-ші жылы әділет органдарының барлық әлеуеті Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша белгіленген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын дер кезінде сапалы занамамен қамтамасыз етуге бағытталғаны аталып өтілді.

Баспасөз конференциясы барысында кәсіпкерлік кодексіне қатысты және «Құқықтық акт туралы», «Орбитраж туралы» заңдарға байланысты мәселелер талқыланды.

Ботагоз Айтжанова

Барлық жаңалықтар