• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ғайни Есембекова: «Болашақ» бағдарламасы өз стипендианттарына жоғары талап қояды

Ғайни Есембекова: «Болашақ» бағдарламасы өз стипендианттарына жоғары талап қояды

25 Қараша, 2013 11:20
Қашанда адам өзінің қайраты мен ақылына сеніп, үздіксіз ізденісте бола отырып адам баласы өзінің қолынан келер мүмкіндіктерін кеңейу керек, дейді «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның халықаралық әріптестік пен сараптама бөлімінің басшысы Ғайни Есембековуа.

- Сіз үшін «Болашақ» бағдарламасының орны қандай?

- Президенттің «Болашақ» стипендиясының арқасында менің өмірім толықтай өзгерді. Мен өзімнің арманымдағы оқуды оқып шықтым. Академиялық дәрежеге қол жеткіздім. Шет елдерден өзім қатарлы көптеген құрбы-құрдас таптым. Кезекті рет білім беру саласының қызметкерлерінің барлығына ортақ бір мақсаттың бар екеніне – еліміздің интеллектуалдық деңгейін көтере отырып жалпы әлем халықтарының өмір сүру деңгейін арттыру екеніне көз жеткіздім.

Ең бастысы, стипендия арқылы шет елде білім алу мүмкіндігіне ие бола отырып мен Қазақстанды басқа қырынан тани бастадым.

Сонымен қатар мен үшін ең қымбат нәрсе сараптамалық ой қозғау, ақиқатты іздеу мен қолда бар мәліметтерді қорыта алу.

Өнер университетіндегі халықаралық әріптестік пен шығармашылық жұмыстар бөлімінде жетекшілік лауазымда жүріп мен шет елдерге, Еуропаға көптеп шықтым. Сол үшін маған шет елдің тұрмысына беймделу қиындық тудырмаған болу керек. Айтпақшы, Британияда бұрын-соңды болмағандықтан, мен әдейі сол елде білім алатын болып шештім. Лондондағы білім беру жүйесін өз көзіммен көргім келді. Осы мақсатта уақыт жоғалтпай бос кездері университеттердің инфрақұрылымын, білім беру сапасын зерттедім. Менің сол кездердегі профессорларымның бірі алғашқы кездесуде-ақ ЖОО инфрақұрылымын зерттегеніме қызығушылықпен қарады. Аталмыш зерттеулерімнің нәтижесінде Уорвик университетінен шақырту алдым. Жетекшім Тони Буш білім беру менеджментінде алдыңғы қатарлы ғалым болып табылады. Ол маған сол күннен бастап өз ақыл-кеңесін аямады. Стипендияның арқасында мен туған-туыстарымның үмітін ақтап, өзімнің қыздарыма үлгі боларлық іс атаруға мүмкіндік берді деп ойлаймын.

 - Байқауға қатысуыңызға не себеп болды?

 - Алматыда 1995 жылы консерваторияны бітіргеннен кейінгі білім алуға деген құштарлық пен жоғарыға өрлеу мені осы қадамға алып келді. Отбасын құрып, қызымды дүниеге әкелгеннен кейін біз Астанаға көшіп келдік. Сосын менің шет елде оқуға деген талпынысым он жылға шегерілді.

Басында мен шет елде оқу стипендиясына ие болу туралы ойды басымнан ойымнан шығарып әуре болдым. Мүмкін еместей көрінетін еді маған. Осы жерде менің жетекшім, ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсахаджаеваның еңбегін айта кету керек. Ол менің туыстарымда да көндіріп, менің шет елде оқуға деген талабымды қамшылады. Жақындарымның қолдауы болмағанда мен сол кездегі арманыма қол жеткізе алармын ба, кім білсін?

- Оқу кезінде қандай да бір қиындықтармен бетпе-бет келген кездеріңіз болды ма?

- Кредиттік технологиямен білім беру жүйесінде білім беру сапасы оқытушыға емес, өзіңізге байланысты болады. 15 жылдық жетекшілік лауазымдарда қызмет атқарып қалған мен кенеттен студент атанғаннан кейін барлық талаптарды орындап, тапсырмаларды жасап, талмай еңбектенуге мәжбүр болдым. Осы жерде тағы да  менің оқытушы профессорларымның теңдессіз ақыл-кеңестеріне жүгінуге тура келді. Және ол өз нәтижесін берді де. Көп уақытымды кітапханада өткізуге де тура келген кездер аз болған жоқ. Ал кітапхана күні-түні жұмыс істейтін. Жазба жұмыстарын тапсыруда жоғарғы баға алуды ең бірінші оқыту жүйесі талап етті. Ал ол үшін тынымсыз білім алу керектігі айтпаса да түсінікті. «Плагиат», «эссаймент» (жазба жұмысы) мен «дедлайн» (жұмысты тапсыратын соңғы мерзім) сөздері студентті қамшылайтын бірден бір себеп еді. Әсіресе бұл бірінші курстарда қиындық тударады. Ал бірінші курстың студенттері өздерін «мектеп бағдарламасының жілігін шағып, майын ішкендіктен», өздерін айтарлықтай білімдіміз деп ойлайтындары белгілі. Алайда университет бағдараламасы мен білім беру жүйесі оларды сабасына түсіріп, әлі де болса көп дүниеден хабарсыз екендіктерін көрсетеді.

Осылайша студент өзінің білетіні бір тоғыз, білмейтіні тоқсан тоғыз екенін байқағанда, ішкі дүниесінде білімге деген шөліркеу мен тағы да оқи түссем деген құштарлық пайда болады. Осы кезде әлем де басқа қырынан таныла бастайды, сөйтіп, қайтадан кітапқа бас қояды, кітапхана қорынан сусындайды. Ал емтихан кездерінде өз біліміңмен мақтаулы баға алып шыққандағы көңілді айтып жеткізе алмайсыз, ол бір керемет  сәттер ғой! Бұндай жетістікке кісі тек өзінің еңбегі арқылы ғана жете алмақ.

- Оқуды аяқтағаннан кейінгі жұмысыңыз қалай болды?

- Оқуды аяқатағаннан кейін менің жұмыс мансабым өрге домалады. Мен өзімнің Өнер университетіме оралдым. Алайда тағдырдың жазуымен «Болашақ» түлектерінің қауысдастығы ұйымдастырған түлектер кездесуінде

«Халықаралық бағдарламаларп орталығы» АҚ-ның халықаралық әріптестік және сараптама бөлімін басқаруға шақырту алдым.  Жаңа жұмыс орнында, жаңа сала бойынша, жас және жаңашыл жастармен жұмыс істеу мені тағы да жетілдіре түсіп, қажыр-қайрат сыйлады. Айта кетерлігі, мұнда адам тек өзін ғана жетілдіріп қоймай, өзі жұмыс істеп отырған бағдарламаны да биіктерге көтеруі керек. Енді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін біздің сүйікті «Болашақ» бағдарламасының 20 жылдық мерейтойына да санаулы уақыттар қалды. Ол күнді біз бәріміз ерекше толқумен асыға күтіп жүрміз.

 - Кейінгі болашақтықтарға қандай тілек айтасыз?

- «Болашақ» бағдарламасына талапкер жастарға мен ешқандай да кедергіге ұрынбай, тек қана өзінің алға қойған мақсатын орындау жолында талмай еңбектенуді кеңес етемін. Алдымен кісі өзінің мүмкіндіктеріне, ақылы мен қайратына сенуі керек. Ескерте кетейік, «Болашақ» бағдарамасы өз стипендиаттарына жоғары талап қояды. Ол үшін шет елдік білім беру жүйесін бағындырып, ел сенімін ақтау керек.

Ал стипендияға ие болған жастарға шама келгенше көбірек ағылшын тілінде сөйлесіп жаттығуды кеңес етемін. Дүиетанымды шектеп қоймай, ақиқатқа барынша көздеріңізді ашық қылып, жаңашылдықтан ешқашан қорықпауды ұсынамын. Сонымен қатар әркім өзінің уақытын тиімді пайдаланып, бос істермен әуестенбегені абзал. Ешқашан да еріншектік танытпайғ әр істі өз уақытында атқару керек. Еріншектік дерті, өкінішке орай, біздің халықтың бойынан көптеп көрінеді. Университет ұйымдастырған қандай да бір шараларға белсенді араласудың да артықтығы жоқ екенін айта кеткім келеді. Ондай шаралар күндердің күнінде сіздердің алдарыңыздан шығатыны, өз жемісін беретіні анық.

Барлық жаңалықтар