• Басты
  • Биыл ОҚО-да 20 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

Биыл ОҚО-да 20 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

3 Маусым, 2016 09:52
Оңтүстік Қазақстан облысында алғашқы сынақ тапсыру басталды. Жалпы облыста 16 сынақ бекеттері болса, оның тоғызында, яғни 4529 түлек бүгін Ұлттық бірыңғай тест тапсыруда. Әкімдікте хабарлағандай, 2–8 маусым аралығында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге 19798-і оқушы сынақ тапсырады деп жоспарлануда.

ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша мемлекеттік 79 комиссия бекітіліп, жұмыс атқаруда.

Облыстағы жалпы 1022 мектептің 822 орта мектебінен 31288 түлек мектеп бітірді.  Айта кетейік, осы жылы алғаш рет ҰБТ–дің барлық қатысушыларының жоғары білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында, шекті 50 балл жинай алмаған бітірушілер үшін  2016 жылдың тамыз айында кешенді тестілеуді қайта тапсыру мүмкіндігі қарастырылып отыр.

Осы ақылы негізде (2242 теңге) жүзеге асырылатын кешенді тестілеуді сәтті тапсырған талапкерлер жоғарғы оқу орындарының ақылы бөліміне қабылдана алады.

 

Барлық жаңалықтар