- Басты
- Жаңалықтар
- «Даму» қорының кепілдігін еGov.kz арқылы алуға болады
«Даму» қорының кепілдігін еGov.kz арқылы алуға болады
Енді банктен несие алу кезінде «Даму» қорының кепілдігіне қол жеткізгісі келетін кәсіпкерлер кепілдікті онлайн түрде тек бір құжат – екінші деңгейдегі банк немессе Қазақстаннық даму банкінің кепілдік сомасының есебі мен несиелеумүмкіншілігін растайтын хаттың көшірмесі арқылы қызметті пайдалана алады.
Бұған дейін, қызметті пайдалану үшін жаңадан бастаған кәсіпкерлер «Даму» қорының облыстық филиалдарына арыз беріп сан-алуан құжаттарды тапсырумен айналысқан еді. Олардың ішінде: қатысу өтінімі, заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, қызметтің жеке түрлерімен айналысу құқығын беретін лицензияның көшірмесі және де бюджет пен жарғыға енгізілген міндетті төлемдер бойынша берешектiң бар-жоқтығының анықтамасы. Сонымен қатар, акцияларды шығару проспектi, акционерлер реестрінен үзінді, екінші деңгейдегі банк немессе Қазақстанны4ң даму банкінің кепілдік сомасының есебі мен несиелеу мүмкіншілігін растайтын хат көшірмесі, кәсіпкерді кепілдендіру мүмкіндігі туралы қаржы агентінің оң шешімі бар банктің мөрі қойылған хат көшірмесі және де жобаның бизнес-жоспары қосымша түрде тапсырылуға тиіс құжаттардың ішінде болды.
"180 млн теңгеге дейін несиелер бойынша өтінім берушілер үшін кепілдендіру қызметы egov.kz порталында «Бизнеске» санатында - «Бизнесті тіркеу мен дамыту» бөлімінде – «Бизнесті қолдау» тармағында қолжетімді. Қызметті пайдалану үшін порталда авторланып, өтініш парағын толтырып, банктің оң шешімі бар хаттың көшірмесін бекітіп ЭЦҚ арқылы қол қою қажет. Қызмет нәтижесімен жеке кабинетте «Кіріс» бөлімінде танысуға болады. 180 млн теңгеге дейін несиелер бойынша өтінім берушіге «Даму» қорының шешімі туралы бастапқы кепілдік хаты/хабарламасы келеді, ал 180 млн теңгеден асатын несиелер бойынша өтінуші «Даму» қорының өзіне жүгінуі қажет",-деп хабарламада айтылған.
Айта кетсек, 15 қазақстандық кәсіпкер egov.kz арқылы кепілдікті беру туралы оң шешімді алып үлгерді.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Антикор: Әкімшілік тәжірибе сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға көмектеседі -
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге болады -
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты -
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек -
Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеру мүмкіндігі