- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті
«Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті
Аталған құжатқа «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында өткен кеңейтілген отырыс барысында қол қойылды. Кездесу бейнеконференция форматында өтіп, қатысушылар арасында партияның барлық облыстық филиалдары мен ҚХА өңірлік өкілдіктерінің басшылары да болды.
Шара қорытындысы бойынша Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы әрқашан Елбасы саясатының басты бағыты – саяси тұрақтылық, қоғамдық және ұлтаралық келісім мен береке-бірлікті қамтамасыз етуге бірлесе ат салысуы керектігін айтып өтті.
«Төрағамыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белгілеген жаңа міндеттерді орындау жөніндегі жұмысты қарқынды жүргізу үшін «Нұр Отан» мен Қазақстан халқы Ассамблеясы орталық деңгейінде де, өңірлерде де үндесе қимылдауы керек. Бүгінгі қол қойылған құжаттың негізгі міндеті – осы», - деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.
Ералы Тоғжанов Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығын атап өтер кезде халқымыздың екі бірдей беделді қоғамдық ұйымы уақыттың жаңа сын-қатерлерін еңсеру үшін өз әлеуеті мен мүмкіндіктерін біріктіріп отырғанына тоқталды.
ҚХА Төрағасы орынбасары: «жаңадан түзілген жоспар өзін-өзі басқару жүйесін дамыту; азаматтық қоғам институттарын нығайту және мемлекеттік органдармен өзара әріптестіктің жаңа форматтарын енгізу; елде жүргізіліп отырған реформалардың азаматтар тарапынан қолдау табуы, халықтың азаматтық белсенділігін арттыру; қазақстандықтардың біртектілігі мен бірлігін азаматтық прициптер мен «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтары негізінде нығайту сияқты бағыттарға жаңа леп береді. Жаңа іс-қимыл жоспары – бұл халықпен тұрақты пікіралмасу және кері байланыс жүйесі, бұл біздің жергілікті жерлердегі құрылымдарымыздың нақты, бірізді әрі келісілген іс-қимылы», - деді.
Бірлескен іс-шаралар жоспары жылдың соңына дейінгі мерзімді қамтыған. Оған ондаған жұмыс бағыттары кірді. Құжатта «Қазақстан-2050» стратегиясын тиімді жүзеге асыру, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен «Нұрлы жол» президенттік бағдарламасын ілгерілету, ҚХА депутаттық корпусы мен «Нұр Отан» партиясы фракциясының Парламенттегі өзара байланысы; сараптамалық және пікіралмасу алаңдарын ұйымдастыру; ҚХА Достық үйлері мен партияның қоғамдық қабылдаулары негізіндегі әріптестік; әлеуметтік маңызы бар жобаларды бірлесіп жүзеге асыру және ҚХА базасында қайырымдылық сияқты бағыттарға айрықша көңіл бөлініп отыр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция